БАСТЫ БЕТ > ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ > ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

Бакалавриаттың барлық пәндері үшін силлабустар мен ОӘК әзірленді және бекітілді. Оқу процесінде: интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып, бакалавриаттың арнайы пәндері бойынша дәрістердің презентациялары қолданылады. “Мұнай өндірудегі техника және технология”, “Мұнай бергіштікті арттыру әдістері”, “Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау техникасы мен технологиясы”, “Ұңғымаларды жөндеу” пәндері бойынша ақпараттық стендтер әзірленді.

Кафедраның оқу кабинеттері мен зертханалары оқу процесінің, ғылыми-зерттеу жұмысының, курстық жұмыстардың және дипломдық жобалаудың бағдарламаларын әзірлеу үшін кафедра оқытушылары мен қызметкерлері пайдаланатын дербес компьютерлермен және интерактивті тақталар жиынтығымен жабдықталған. Барлық зертханалық жұмыстар әдістемелік нұсқаулармен және нұсқаулықтармен қамтамасыз етілген.

Кафедраның ғылыми жұмысының негізгі бағыттары:

  • Ақтөбе облысының кен орындарында мұнай өндіруді қарқындату үшін көмірқышқыл газын қолдану технологиясын әзірлеу;
  • Ақтөбе облысының кен орындары жағдайында көлденең ұңғымаларды бұрғылау технологиясын қолдану;
  • Ақтөбе облысының кен орындарында топырақты тазарту үшін диатомитті қолдану технологиясын әзірлеу;
  • Ақтөбе облысының кен орындарында ұңғымаларды пайдалану кезіндегі асқынулармен күресу үшін технологияларды қолдану.

Зерттеудің жалпыланған нәтижелері монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, өнертабыстар, мақалалар түрінде ұсынылады, содан кейін студенттерді оқыту үшін қолданылады. Ғылыми зерттеулерге 3-4 курс студенттері тартылады. Ғылыми жұмысты жалғастыру үшін үздік түлектер магистратураға жіберіледі.

Серіктестік

Кафедраның Қазақстан мен таяу шет елдердің кәсіпорындарымен және жоғары оқу орындарымен кең байланыстары оның дамуына және жетілдірілуіне көмектеседі. Кафедра техникалық жоғары оқу орындарының тиісті кафедраларымен және мұнай және газ компанияларымен тығыз жұмыс істейді:

  • И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (ҒЗУ) gubkin.ru
  • «АктюбНИГРИ» ЖШС //too-aktyubnigri.kz24.online/
  • «СНПС-Актобемунайгаз» АҚ cnpc-amg.kz
  • «Омас Интергрейтед» ЖШС //omac-int.com
  • «СК Тандем Актобе» ЖШС // sk-tandem@bk.ru
  • «Іскер-маман» ЖШС // isker-maman@mail.ru
  • «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» РМК //www.ksm.kz/
  • ТОО «BP Services» // bp-services.kz.
  • «АзияМунайГруппСервис» ЖШС //amgs.kz/

Аккредитация

Среди вузов РК, проведенным образовательной программой Ассоциацией инженерного образования Казахстана KazSEE по специальности 6В07202, 7М07202 – Нефтегазовое дело  21.12.2021 году, 6В07106 «Электроэнергетика» 23.12.2020 году аккредитована на 5 лет.         KazSEE  Қазақстанның инженерлік білім беру қауымдастығы білім беру бағдарламасымен 6В07202, 7М07202 – Мұнай-газ ісі (21.12.2021 ж.), 6В07106 – “Электр энергетикасы” мамандығы (23.12.2020 ж.) бойынша  өткізілген ҚР ЖОО арасында 5 жылға аккредиттелген.

Оқу процесінің бұл саласы студенттерді оқыту барысында маңыздылардың бірі болып саналады. Барлық оқытылатын пәндер мамандыққа қойылатын біліктілік талаптарға сай оқу-әдістемелік кешендермен қамтамсыздандырылған. Сонымен қатар кафедра оқытушылары мамандандыру пәндері бойынша зертханалық және практикалық жұмыстар бойынша материалдар дайындап, әрі жаңартып отырады.

Кафедрамызда университетіміздің баспа орталығынан шығаруға арналған оқу-әдістемелік басылымдардың жоспары дайындалады.

«Мұнай-газ ісі» кафедарысның оқытушылары шығарған оқулықтар тізімі

Жыл сайын дәстүрлі түрде «Арнайы пәндер апталығы» өткізіледі, онда кафедраның ПОҚ әртүрлі шаралар және ашық сабақтар өткізеді. Соның ішінде әлеуметтік серіктестерді шақырып дөңгелек үстел өткізу ерекше маңызға ие.

2023 жылы 7-қыркүйекте кафедраның ПОҚ және 1, 2-курс магистранттарының қатысуымен HERIOT WATT университетінің филиалы ашылуына байланысты, HERIOT WATT университетінің Ұлыбританиядан келген өкілдерімен жиын өтті.

Жиынға қатысқан мамандар тізімі:

  1. Шамс Асгар – Эдинбург қаласындағы HERIOT WATT университетінің өкілі, оқытушысы
  2. Балгынова Акжаркын Мерекеқызы – Техникалық факультет деканы
  3. Сарқұлова Жадырасын Сейдуллақызы – PhD доктор, оқытушы
  4. “Мұнай-газ ісі” кафедрасының оқытушылары – Султанова Д.Д., Кайненова Т.С., Жанабаев М.А., Шукирова С.С.
  5. “Мұнай-газ ісі” мамандығының 1,2-курс магистранттары

Жиын барысында, Ұлыбританиядағы HERIOT WATT университетінің өкілі Асгар Шамс университет тарихымен таныстырды. Сонымен қатар, бұл университетте қандай мамандықтар оқытылатындығы, қандай елдерде және қалаларда бөлімшелері бар екендігі, оқу процессі қалай жүретіндігі және тағы басқа қызықты нәрселер жайлы баяндап берді.

Кафедрада тек конференция, ашық сабақтардан бөлек, жыл сайынғы пәндік олимпиадаларда ұйымдастырылып тұрады.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Техникалық факультетінің «Мұнай – газ ісі» білім беру бағдарламасы бойынша 2022 жылдың 11.04 күні өткізілген факультет аралық ғылыми апталығында «Мұнай газ ұңғыларын бұрғылау процессі»  және «Мұнай өндірудің технологиясы мен техникасы» бойынша пәндік олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен

1 орын иегерлері:

Мұнай-газ ісі мамандығының 3-курс студенттері:

МГІқ-301 тобы Төлеуқазы Әсем Қорғанбекқызы

МГІқ-302 тобы Аралбай Санжар Умбеткалиулы

МГІқ-302 тобы Темирханова Мадина Махсетбайқызы

2 орын игері:

МГІқ-302 тобы Асан Әбілқайыр Қайратұлы

3 орын иегері:

МГІқ-302 тобы Әлібекова Жазира Ақжайыққызы марапатталды.

Студенттеріміз өз білімдерін сынға салғаны үшін алғыс Алғыс хаттармен марапатталды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Кафедраның басты бағыттарының бірі ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табылады. Оқытушы тек қана сабақ берумен, университеттің қоғамдық жұмыстарына қатысумен, ал студенттер оқу процесімен шектелмеуі қажет. Қазіргі таңда біліктілігі жоғары маман өндірісте туындайтын мәселелерді шешу жолында, ғылымның соңғы жетістіктерін қолдана отырып ғылыми тұрғыдан жұмыс атқаруы қажет.  Сондықтан кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарына аса көңіл бөлінеді.  Ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін кафедра оқытушысы, PhD доктор Сарқұлова Жадырасын Сейдуллақызы және магистр, аға оқытушы Кайненова Турсынгул Сансызбаевна жауапты.

Қазіргі таңда «Мұнай-газ ісі» кафедрасының оқытушыларының көптеген ғылыми мақалалары жарық көріп отыр. Тек мемлекеттік дәрежеде ғана емес, сонымен қатар халықаралық журналдарда да жарияланымдары бар.

«Мұнай-газ ісі» кафедрасы Scopus  базасындағы мақалалар тізімі

Қыркүйек айының 15-інші жұлдызында Үрімші, Шынжаң, Қытай елінде Халыкаралық білім беру форумы өтті.

Форумды Шынжаң-Ұйгыр автономды ауданының компартия хатшысының орынбасары, Халық үкіметінің төрағасы Еркін Тулец жане Білім министрі сөз алды.

Қазақстан елінен, ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиля Ахатова сөз сөйледі.

Форум аясында бірнеше бағытта дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Осы ұйымдастырудың жалғасы Қарамайдағы Қытай мұнай университетінің Кампусы болды. Бұл форумда Қытай мұнай университетінің Ректоры және проректорларының қатысумен кездесу өтті. Қ.И. Сатбаев атындағы Қазақ ұлттық, техникалық зерттеу университетінің Геология және мұнай-газ ісінің директоры, техника ғылымдарынын докторы Сыздыков Лекер Хамдиевич және Қ.Жұбанов АӨУ “Мұнай – газ ісі” кафедрасының меңгерушісі Алматова Баян Газизовна қатысты. Кездесу барысында оқу процесіндегі академиялық және ғылыми бағыттар, ғылыми зертханаларды пайдалану, ғылым ПОҚ тәжірибе алмасу, шетел ғалымдарын тарту, білімалушылар арасында қытай тілі курстарын оқыту сияқты мәселелер қаралды.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Мұнай-газ ісі кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Саркулова Жадырасын Сейдуллақызы 2022 жылдың 5-желтоксанында Алматыда дүниежүзілік жер күніне орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қатысып баяндама жасады. Сондай – ақ, бұл семинар PhD Саркулова Ж.С. жетекшісі биология ғылымдарының докторы, профессор Фарида Қозыбаеваның 80 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми іс-шарада талқылаудың негізгі тақырыбы қазіргі топырақтану мәселелері және оның даму перспективалары болды және оның экологияға әсері.

Қ. Жұбанов атындағы АӨУ  Purdue University – мен бірлесіп US — Kazakhstan University Partnership Program бағдарламасының грантын жеңіп алды

Жұбанов университеті, Сәтбаев университеті және АҚШ-тың жетекші зерттеу университеті Purdue University Халықаралық білім беру жөніндегі американдық кеңеске (American Councils for International Education) бірлескен жоба жоспарын ұсынды және грант иегерлерінің тізіміне енді.

Жобаның басты мақсаты-академиялық трансформация жолында STEM оқыту әдістерін жетілдіру (“leading Aacademic Transformation: ENHANCING STEM instructional methods”).

Жоба аясында Purdue University-де екі ЖОО-ның STEM оқытушылары үшін онлайн-курс өтті. Сонымен қатар, маусым айында Purdue университетінің профессоры практикалық курстар өткізді. Осы шара аясында кафедра доценті Жубандыкова Ж.У. ұйымдастырумымен “Мұнай-газ ісі” кафедрасының ПОҚ құрамы мен Purdue University-нің профессоры Paul Asunda арасында кездесу өтті.

2023 жылдың қазан айының 18-19 күндері  7М07106-Электроэнергетика білім беру бағдарламасының магистранттарына «Электроэнергетиканың перспективалық  даму бағыттары»  пәні  бойынша қонақтық дәріс өтті.

Дәріс қонағы  Малайзия технологиялық кеңесінің кәсіби технологы. Suruhanjaya Tenaga Malaysia компаниясында аккредиттелген энергияны өлшеу және сынау бойынша маманы. Қазіргі уақытта Smart Sustainable Cities жұмыс тобының техникалық сарапшысы, MDEC Global Technology Grants Group, MTSFB, сондай-ақ IoT Technical Professional Network комитетінің мүшесі, IET, UK және Young MINDS Malaysia президенті.  Бірнеше өнеркәсіптік зерттеу гранттарының жеңімпазы. 2019 жылғы Heriot-Watt University PRIME сыйлығының иегері-Джасерн Панг.

Кездесу барысында магистранттар   жоғары белсенділік танытып,  регионалдық электроэнергетиканың негізігі даму бағыттарын атап өтті.  Профессор Джасерн Панг бүгінгі таңда олардың елдеріндегі даму бағыттарын айтып өтті.

Кездесу нәтижесінде профессор Джасерн Панг «Мұнай-газ ісі» кафедрасының т.ғ.к.,  доцент  Жубандыкова Женискуль Умиртаевнаға магистранттармен бірге ортақ ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен айналысуды ұсынды және магистранттардың диссертациялық тақырыптарына жоғары қызығушылығын  танытты.

30.10.2024 күні Мұнай-химия өндірісінің технологиясы мамандығының төртінші курс студенттері аға оқытушы Орынбасар Райгуль Орынбасарқызының жетекшілігімен ""ҰЛТТЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ОРТАЛЫҒЫ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫНДА танымдық сабақтан өтті.

Орталық мамандары студенттерге метрология саласының қазіргі заманғы талдау әдістері мен техникалық жабдықтарын таныстырды. Білім алушылар зертханалық қондырғылардың жұмыс істеу қағидаттарымен, өлшеу құралдарын калибрлеу және стандарттау әдістерімен танысты.

Сондай-ақ, студенттер мұнай-химия саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешудің инновациялық тәсілдерін талқылап, заманауи басқару панельдері мен өлшеу құралдарының жұмысын егжей-тегжейлі зерттеді. Калибрлеу мен стандарттау принциптерін меңгеріп, мәліметтерді жинау және өңдеу әдістерімен танысты.

Іс-тәжірибе барысында далалық жағдайда қолданылатын портативті диагностикалық құрылғылардың жұмысына ерекше назар аударылды. Бұл құрал-жабдықтар мұнай өнімдерінің сапасын бағалау, газ құрамын талдау және басқа да маңызды физика-химиялық параметрлерді анықтауға мүмкіндік береді.

Орталық мамандары атап өткендей, заманауи метрологиялық жабдықтар мұнай-химия өнеркәсібіндегі өнім сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Бұл танымдық сапар студенттердің теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға, болашақ мамандық бойынша құзыреттіліктерін арттыруға септігін тигізді.

Жас мамандарды даярлау ісінде теория мен практиканың үйлесімді байланысын қамтамасыз ету – университетіміздің басты міндеттерінің бірі. Осындай іс-тәжірибелік сабақтар арқылы студенттеріміз болашақ мамандықтарының қыр-сырын терең меңгеріп, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасады.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті өз түлектерінің кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында өндіріс пен ғылымның өзара байланысын нығайтып, халықаралық стандарттарға сәйкес білім беруді дамытуды басты міндеттерінің бірі ретінде қарастырады. Бұл бағытта Мұнай газ ісі кафедрасы  инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша сапалы білім беруді дамыту мақсатында өндірістік тәжірибесі мол мамандарды тарту жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – Катардың ұлттық QatarEnergy компаниясының бұрғылау бойынша супервайзері, 22 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары білікті маман Өмірсерік Таяуовтың университетімізде қызмет етуі.

Практик-маман ретінде Өмірсерік Таяуов студенттерге мұнай-газ саласындағы заманауи технологиялар мен өндірістік үдерістерді терең меңгеруге мүмкіндік беріп, саланың өзекті мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі білім беруге бағытталған әдістемелерді қолданады.

Сонымен қатар, Таяуов Ө.оқытушы Мұнай газ кафедрасының “English Club” ағылшын тілі клубының белсенді қатысушысы ретінде студенттердің халықаралық деңгейде сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына ықпал етіп келеді. Ағылшын тілінде кәсіби терминологияны меңгеру, халықаралық тәжірибені зерттеу және техникалық құжаттамамен еркін жұмыс істеу – заманауи инженерге қойылатын негізгі талаптардың бірі.

2024 жылдың 13  – 22 маусым аралығында «Мұнай-газ ісі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орны - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде біліктілігін арттырды.

Біліктілікті арттыру бағдарламасы екі негізгі бағытты қамтыды:

  • «Барлау, бұрғылау, өндіру және игеру»
  • «Энергетика»

Курсқа кафедраның техника ғылымдарының кандидаттары мен PhD докторлары қатарындағы 15 оқытушы қатысты. Алынған білім мен құзыреттер мұнай-газ саласының мамандарын өндірістің заманауи талаптарына сай жоғары деңгейде даярлауға мүмкіндік береді.

"Мұнай-газ ісі кафедрасы студенттерге жетекші бейінді университеттерде кәсіби және жеке тұлғалық өсу үшін бірегей мүмкіндіктер беретін халықаралық және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларын белсенді дамытуда.

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2023-2024 оқу жылында "Электр энергетика" мамандығының 2 курс студенті Сокурова Раушан инженерлік білім берудің танымал орталықтарының бірі - Памуккале университетінде (Pamukkale Üniversitesi, Түркия) табысты білім алды.

Халықаралық ынтымақтастық географиясын кеңейте отырып, 2024-2025 оқу жылында "Мұнай-газ ісі" мамандығының 3 курс студенті Гатани А.М. Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінде (Баку қ.) білім алуда. Бұл жоғары оқу орны Каспий өңіріндегі мұнай-газ білімінің көшбасшысы болып табылады, бұл тәжірибе алмасу және мұнай-газ саласының озық технологияларын зерттеу үшін кең мүмкіндіктер ашады.

Қазақстандық ішкі академиялық ұтқырлықты дамыту аясында 2023-2024 оқу жылында "Автоматтандыру және басқару" мамандығының 2 курс  студенті Жексенов Д.А. М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында бір семестр бойы табысты білім алды. Бұл ынтымақтастық өндірістік процестерді автоматтандыру саласындағы білімді тереңдетуге және елдің жетекші техникалық жоғары оқу орындары арасында озық білім беру тәжірибелерімен алмасуға ықпал етті.

 


Электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау

Алматова Баян Газизовна

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

Балгынова Акжаркын Мерекеевна

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

Мерекеқызы Ардақ

Электрондық ресурстар — бейне дәрістер: (кафедраның ПОҚ)

Султанова Динара Дуйсенгалиевна

Электрондық ресурстар — бейне дәрістер: (кафедраның ПОҚ)

  • 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Ұңғымаларды жөндеу
  • 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Қайраң кен орындарын меңгеру
  • 6В07202 Мұнай-газ ісі (4 курс) Кәсіптік геофизика нәтижелерін геоинженерлік модельдеу
  • 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Материалтану
  • 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Мұнай газ ұнғыларын бұрғылауда жөндеу жұмыстары
  • 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Ұнғыны аяқтау
  • 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Мұнай газ саласында жобалау жұмыстарын автоматтандыру жүйесі
  • 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Қайраң кен орнын барлау
  • 6В07202 – Мұнай-газ ісі (4 курс) Тампонажды материалдар

Котик Елена Петровна

Электрондық ресурстар — бейне дәрістер: (кафедраның ПОҚ)

Космбаева Гулжан Тынышпаевна

Электрондық ресурстар — бейне дәрістер: (кафедраның ПОҚ)

Космбаева Гулжан Тынышпаевна – Электрондық мультимедиялық оқулық

Шильмагамбетова Жадра Жангожаевна

Электрондық ресурстар — бейне дәрістер: (кафедраның ПОҚ)

Кайненова Турсынгул Сансызбаевна

Электрондық ресурстар — бейне дәрістер: (кафедраның ПОҚ)