Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры
Аяғанова Ақерке Рахымжанқызы
e-mail: akerke.ayaganova@zhubanov.edu.kz

Стратегиялық жоспарлау департаменті университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және университеттің стратегиялық қызметін жоспарлау және іске асыру жүйесін қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Департаменттің қызметінің негізгі бағыттары:

• барлық бөлімшелердің стратегиялық жоспарларын үйлестіру арқылы берілген миссияға сәйкес стратегиялық мақсаттарды жоспарлау және іске асыру жүйесін қалыптастыру;

• университеттің стратегиялық даму бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу және іске асыру, Стратегиялық жоспарлау процестерін ақпараттық, талдамалық және әдістемелік қамтамасыз ету;

• университет қызметінің жаңа бағыттарын дамыту бойынша ұсыныстар енгізу;

• табысты білім беру және маркетингтік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

• стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің басқару жүйесін үйлестіру, дамыту, тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жетілдіру, оның ішінде университеттің ұйымдық құрылымы мен мәдениетін жетілдіру және ұйымдастырушылық өзгерістер бойынша ұсыныстар әзірлеу;

• университеттің факультеттері мен басқа да құрылымдық бөлімшелеріне стратегияларды, стратегиялық жоспарларды, жол карталарын және басқа да стратегиялық құжаттарды әзірлеуге жәрдемдесу;

• біліктілікті жүйелі түрде арттыру, университет қызметін стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша семинарлар мен конференциялар жұмысына қатысу;

• университет қызметінің барлық салалары бойынша тенденцияларды, сондай-ақ стратегиялық мақсаттардан ауытқуларды уақтылы анықтау мақсатында университеттегі бизнес-процестердің сыртқы және ішкі факторлары мен жай-күйіне мониторингті ұйымдастыру және жүргізу.

 


Негізгі құжаттар:

«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ 2023-2027 жылдарға арналған Даму бағдарламасы

 

Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ ТӘУЕКЕЛДЕР ТІРКЕЛІМІ, ТӘУЕКЕЛДЕР КАРТАСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДЕРГЕ ДЕН ҚОЮ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ (ТӘУЕКЕЛДЕР ПАЙДА БОЛУЫН БОЛДЫРМАУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАР-ЕСЕБІ)

 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Тәуекелдерді басқару саясаты

 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті КеАҚ 2022 жылғы қызметі туралы жылдық есебі