МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

Құдайберген Жұбанов 1899 жылы қазіргі Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданындағы Қосуақтам деген ауылда дүниеге келді. Бала кезінде ауыл молдасынан сауат ашып, араб-парсы тілдерін үйреніп, өз ізденісімен білімін толықтырған. 
Ол 1914 жылы Орынбордағы Хұсайния медресесінде оқығанда  шығыс мәдениеті мен білімін тануға мүмкіндік алса, екі класты орыс мектебінде оқыған кезінде  орыс тілі арқылы европа мәдениетімен танысады. Оқу-ағарту, ғылым  саласындағы алғашқы еңбек жолын Ақтөбе педтехникумында мұғалім, Ақтөбе губерниялық халық ағарту бөлімінің методист-инспекторы қызметінен бастап, одан кейін Қазақстанның тұңғыш жоғары оқу орны – Қазақ педагогикалық институтының профессоры, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология факультетінің деканы болып жұмыс жасайды. Ол 1929 жылы Петербургтағы Шығыс тілдері институтының  түркологиялық бөлімінде, кейіннен  аспирантурада оқуын жалғастырып,  өзін дарынды түрколог ғалым ретінде таныта білді.

Полиглот ғалым Жұбанов институтта профессор бола жүріп, кафедра меңгерушісі, КСРО Ғылым академиясындағы Қазақ филиалының лингвистика секторының меңгерушісі, «Қазақ тілінің академиялық сөздігінің» бас редакторы, Қазақ ССР Халық ағарту Комиссариаты коллегиясының мүшесі және осы мекеме жанындағы методика, программа, оқу құралдары секторының меңгерушісі, Мемлекеттік терминология комиссиясының председателі, терминология комиссиясы бюллетенінің редакторы, Ұлттар мәдениеті институты ғылыми кеңесінің мүшесі, «Ауыл мұғалімі» журналының бас редакторы болып, бірнеше жұмысты қатар атқарды. Латын графикасына көшірілген қазақ әліпбиі мен жазуын жетілдіруге  де белсене араласты.  Сол кезде Құдайберген Жұбановтай талантты адам жетіспейтіндіктен   осыншама міндетті бір өзі атқарған еді.

 


 

Энциклопедия

Еңбектері мен жарияланымдары
Қ.Қ.Жұбановтың ғылыми еңбектерінің библиографиялық көрсеткіші

Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер

Қазақ тілі грамматикасының
Әдебиет, мәдениет және өнер мәселелері
Алфавит, орфография, терминология мәселелері
Программа мен методика мәселелері
Вопросы грамматики казахского языка
Вопросы алфавита, орфографии и терминологии