Мясникова Людмила Николаевна

Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор

Лауазымы: Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор

Ғылыми атағы: қауымдастырылған профессор

Ғылыми дәрежесі: физика-математика ғылымдарының кандидаты

E-mail: myasnikova_ln@zhubanov.edu.kz

1982 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі

Мясникова Людмила Николаевна - 2003 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін үздік бітірді. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің "Математика және физика" мамандығы бойынша, 2005 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің "Физика" мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. 2007 жылы – Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасын "01.04.07-конденсирленген күй физикасы" мамандығы бойынша тәмамдады. 2010 жылы ҚР Ұлттық ядролық орталығы жанындағы диссертациялық кеңесте физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін "KI, RbI, NaBr және KBR кристалдарындағы люминесценция және экситон-фонондық өзара әрекеттесу" тақырыбында диссертация қорғады. 2018 жылдың сәуір айында "Физика"мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. 2018 жылы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағына ие болды.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының физика кафедрасында оқытушы болып бастады. Әрі қарай физика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика факультетінің деканы, "Материалдардың радиациялық физикасы" ғылыми орталығының директоры болып жұмыс істеді.

Мясникова Людмила Николаевна 1 монографияның, 3 оқу құралының, 12 патенттің, сондай-ақ Web of Science және Scopus базасына енгізілген рецензияланған ғылыми басылымдарда 26 жарияланымның авторы. Сілтеме Scopus H=6 негізінде Хирш индексі бойынша жасалады.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Ғылым және инновациялар департаментін басқарды. 2022 жылдың маусым айынан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры болып жұмыс атқаруда.


Бекназаров Рахым Ағыбайұлы

Басқарма мүшесі, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор

Лауазымы: Басқарма мүшесі, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор

Ғылыми атағы: Тарих ғылымдарының докторы

Ғылыми дәрежесі: «Тарих және аймақтану» кафедрасының профессоры, доцент

E-mail: rbeknazarov@zhubanov.edu.kz

1967 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Білімі

Бекназаров Рахым Ағыбайұлы-1993 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының тарих факультетін бітіріп, тарих, қоғамтану және мемлекеттік құқық мұғалімі мамандығын алды, тарих факультетіне оқытушы болып қабылданды.

1994 жылы Алматы қаласындағы ҚР ҰҒА Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының іштей аспирантурасына оқуға түседі. 1999 жылы «Қазақтардың дәстүрлі тас қашау өнері» тақырыбында диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.

Еңбек жолы

1999-2003 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих факультетінің аға оқытушысы, доценті болып жұмыс жасап, декан орынбасары, декан, «Қазақстанның ежелгі және ортағасыр тарихы» кафедрасының меңгерушісі – әкімшілік қызметтерін атқарды.

2003 жылдың желтоқсанынан бастап Алматы қаласындағы ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты этнология және антропология бөлімінің докторанты болды. 2010 жылдың желтоқсанында «ХІХ ғ. – ХХ ғ.басындағы Солтүстік Арал маңының қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)» атты докторлық диссертациясын қорғап, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ЖАК доценті атанды (2009).

2001 және 2002 жылдары Ташкент қаласында Орталық Азияны зерттейтін Француз институтында (IFEAC) ғылыми тағылымдамадан өтіп, тәжірибесін арттырды. 2006 жылы Париж қаласында (Франция) Адам институтында Дидро бағдарламасы (MSH, Programme Diderot) шеңберінде тарих профессоры Винсент Фурньоның жетекшілігімен ғылыми тағылымдамадан өтті.

2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, АқМемПИ-дің ОМБ бастығы (2013), Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің ООМЖ бойынша проректордың м.а. болып қызметін атқарды (2014).

115-тен аса ғылыми мақалалар, 2 монография (біреуі біріккен авторлықта), 3 авторлық ұжым құрамындағы монография жариялады.

Қазақстан Республикасындағы және көршілес территориялар – Ресей, Моңғолия, Қытайдағы дәстүрлі қазақ этнографиясы, этноархеология, ескерткіштану, диаспорология салаларында ғылыми зерттеу экспедицияларының маманы және ұйымдастырушысы болып табылады. ҚР БҒМ 2 гранттық жобаның жетекшісі, 3 ғылыми гранттық жобаның бірлесіп орындаушысы болды. 2010 жылдан бастап ҚР БҒМ-нің ғылыми гранттық жобалар бойынша АО «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның сараптамашысы. 2015 жылдан бастап «Қазақстан–Ақтөбе» телеарнасында ғылыми-көпшілік «Тарих тағылымы» бағдарламасын жүргізеді.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры болып жұмыс атқаруда.


Хусаинов Дастан Сақтағанұлы

Басқарма мүшесі, Стратегиялық даму жөніндегі проректор

Лауазымы: Басқарма мүшесі, Стратегиялық даму жөніндегі проректор

E-mail: dkhussainov@zhubanov.edu.kz

1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

Білімі

Хусаинов Дастан Сақтағанұлы - 2010 жылы АҚШ-тың Texas A&M университетінің инженерлік факультетін Аэроғарыш инженериясы мамандығы бойынша (бакалавриат) тәмамдаған.

2013 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Механика-математика факультетінде магистратураны Механика мамандығы бойынша аяқтады.

2019 жылы Омбы гуманитарлық академиясының экономика факультетінде Экономика мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

Еңбек жолы

2011 жылдан 2012 жылға дейін «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының UCL Foundation зертханалық орталығында ассистент оқытушы болып қызмет атқарды.

2012-2013 жылдары «Назарбаев Университеті» ДББҰ-ның «Research and Innovation System» ЖМ келісімшарттық зерттеулер және инжиниринг бөлімінің менеджері болып жұмыс істеді.

2013-2016 жылдары «Назарбаев Университеті» ДББҰ-ның «Research and Innovation System» ЖМ оқу зертханаларының директоры қызметін атқарды.

2016-2018 жылдары «Назарбаев Университеті» ДББҰ-ның «Research and Innovation System» ЖМ қызметтерді дамыту жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.

2018-2022 жылдары «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ұжымдық пайдалану кеңсесін, пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенін басқарды.

Ғылыми және зертханалық инфрақұрылымды құру/дамыту, сервиске бағытталған құрылымдар мен бизнес процестерді, инновациялық даму мен кәсіпкерлік аймақтарды құру саласын меңгерген маман.

2022 жылдың мамыр айынан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Стратегиялық даму жөніндегі проректоры қызметін атқаруда.


Есенбаева Гүлнар Есімқанқызы

Басқарма мүшесі, Қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректор

Лауазымы: Басқарма мүшесі, Қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректор

E-mail: gyessenbayeva@zhubanov.edu.kz

1973 жылы Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында

Білімі

Есенбаева Гүлнар Есімқанқызы – 1994 жылы Қарағанды кооперативтік институтын тәмамдаған.

Еңбек жолы

1996 жылдан 2002 жылға дейін Ақтөбе қаласы Қазынашылық департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша жетекші бухгалтері қызметін атқарды.

2002 жылдан 2004 жылға дейін Ақтөбе қаласының «Ақтөбе облыстық газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-нің экономисі болып жұмыс атқарды.

2004 жылдан 2005 жылдары Ақтөбе қаласы «Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты» МКҚК бас есепшісінің орынбасары қызметін атқарды.

2005 жылдан 2017 жылға дейін Ақтөбе облыстық телекоммуникациялар дирекциясының экономика және қаржы бөлімінің жетекші экономисі – «Қазақтелеком» АҚ филиалында жұмыс істеді.

2018 жылдан 2021 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ Батыс РДТ-филиалының экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2022 жылдың қаңтар айынан жаңа орынға тағайындалғанға дейін «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Корпоративтік сату бөлімінің қаржыландыру және шығындар есебі бөлімінің жетекші экономисі қызметін атқарды.

2022 жылдың мамыр айынан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректоры қызметін атқаруда.


Тастанқұлов Еркін Серікжанұлы

Басқарма мүшесі, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

Лауазымы: Басқарма мүшесі, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

Академиялық дәрежесі: Гуманитарлық ғылымдар магистрі

E-mail: etastankulov@zhubanov.edu.kz

1990 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі

Тастанқұлов Еркін Серікжанұлы – 2012 жылы Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» жоғары заң мектебін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2014 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «дінтану» мамандығы бойынша магистратураны, 2017 жылы докторантураны аяқтады.

Еңбек жолы

  • 2016-2017 жылдары «Des Amis» ЖШС директоры
  • 2017 жылы «Бастамашыл жастарды қолдау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекші сарапшысы
  • 2018 жылы Әл-Фараби атындағы кітапхананың сарапшы менеджері
  • 2018 – 2021 жылдары Әл-Фараби атындағы кітапхананың Даму және коммуникация орталығының жетекшісі.
  • 2018 – 2023 жылдары Әл-Фараби атындағы кітапхана директорының орынбасары.
  • 2020 – 2023 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы.
  • 2021 – 2023 жылдары Республикалық кадрларды қайта даярлау орталығында жаттықтырушы-оқытушы.
  • 2023 – 2024 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті кітапханасының директоры.

Жоғары білімді цифрландыру аясында университет кітапханасының экожүйе моделін трансформациялау қосымша кәсіби бағдарламасы бойынша дипломы бар.

2024 жылдың сәуір айынан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры.