Ғылыми-техникалық кеңес университеттің кафедралардағы профессор-оқытушылық құрамдарын ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді тарту мақсатында ғылыми-әдістемелік және сарапшы-кеңестік мүшесі болып табылады. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық актілерін, университет жарғысын, ғылыми кеңес шешімдерін, ректордың бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады. Ғылыми техникалық кеңеске университет бойынша ғылым және инновациялар жөніндегі проректор тарих ғылымдарының докторы, доцент Р.А.Бекназаров төрағалық жасайды. Кеңес екі айда бір рет өткізіліп тұрады. Кеңесте ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамалар талқыланып, университет профессор-оқытушылары дайындаған барлық ғылыми-әдістемелік жұмыстар қаралып бекітіліп отырады.


Монографияны баспадан шығару алгоритмі

1. Ғылым және инновациялар департаментіне (бұдан әрі – департамент) мына құжаттардың түпнұсқасы мен сканерленіп, word мәтіндік редакторіне салынған нұсқасы тапсырылады:

1. Кафедра мәжілісінің хаттамасынан көшірме;

2. Факультет мәжілісінің хаттамасынан көшірме;

3. Қолжазба сараптамасының актісі;

4. 2 рецензия (ішкі – 1, сыртқы – 1).

2. Құжаттары толық монография сараптау комиссиясына жіберіледі. Монография авторы сараптама қортындысына сәйкес түзетулер жасап, департаментке тапсырады.

3. Сараптамадан өткен монография Ғылыми-техникалық кеңестің (бұдан әрі – ҒТК) қарауына ұсынылады. Мақұлданған жағдайда Ғылыми кеңестің қаруына ұсынылады.

4. ҒТК хаттамасының көшірмесімен қоса барлық құжаттар Ғылыми кеңесте қаралып, мақұлданады.

5. Авторларға Ғылыми кеңес мәжілісі хаттамасының көшірмесі мен монография құжаттары тапсырылады.

6. Автор монографияны баспадан шығарады.


Ғылыми техникалық кеңес құрамы

 

Қауымдастырылған профессор немесе профессор ғылыми атағын алу алгоритмі