Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңды жүзеге асыру мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс кеңсесі құрылды.
Оның құрамында: жетекшісі Мусюров Дархан Темірханұлы және комплаенс кеңсесінің офицері Қаржаубаев Нұрлан Сабырұлы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу, сонымен бірге университет қызметінде сыбайлас жемқорлықты анықтау және болдырмау.
Ұсыныстарыңыз болса немесе кеңес алу үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық фактілері туралы хабарламамен Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263 мекенжайы бойынша университет әкімшілігінің ғимаратында орналасқан кеңсеге келсеңіз болады. Немесе +7 707 737 19 35 ұялы телефон нөмірі мен WhatsApp мессенджеріне қоңырау шалуға, хаттарыңызды compliance@zhubanov.edu.kz электронды поштасына жолдай аласыздар.
Қажет болса, хабарлама иесінің құпия сақталуына кепілдік беріледі!
Комплаенс кеңсесінің жетекшісі Мусюров Дархан Темірханұлы
Комплаенс кеңсесінің офицері Қаржаубаев Нұрлан Сабырұлы