Иманчиев Жандарбек Ермекович
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы
«Қазақстан Республикасының Ақтөбе облыстық білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғам бірлестігінің филиалы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелерінің мүддесі мен құқығын қорғау мақсатында құрылған еркін қоғамдық ұйым.
Кәсіподақ ұйымы өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы, ҚР заңдары, нормативтік-құқықтық актілері, халықаралық құқық нысандары мен «ҚР білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ бірлестігі» қоғамдық ұйымның Жарғысы негізінде жүзеге асырады.
Кәсіподақтың басты қызметі – профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын және кәсіби құзырын қорғау болып табылады.
Кәсіподаққа біріге отырып, азаматтардың кәсіби мүдделерін қорғауға және Қазақстан Республикасы заңнамаларының негізінде төмендегідей әлеуметтік серіктестік мүделерін шешуге болады:
- Кәсіподақ мүшелерінің еңбек ақыларының уақытылы және әділ төленуі;
- Жұмыс орнында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуы;
- Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, еңбек, экономикалық құқықтары мен мүдделерін ақысыз заңгерлік қорғауға бағытталған әлеуметтік диалогтың жаңа түрлерін дамыту;
- Марапаттарға ұсыну.
Кәсіподақтың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- Кәсіподақтың жарғылық міндеттерін жүзеге асыру, әлеуметтік-еңбек құқықтары мен Кәсіподақ мүшелерінің кәсіби қызығушылықтарын қорғау;
- ҚР еңбек Кодексі және ҚР кәсіподақтар туралы Заңы сақталуын бақылау;
- Қызметкерлердің аттестациясына қатысу;
- Жеке және ұжымдық еңбек дауларын реттеуге қатысу;
- Кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету, жұмыстан бөлек, әлеуметтік жағдайын жақсарту және бақылау, денсаулықтарын жақсарту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру;
- Еңбек күзеті саласындағы заңнама сақталуын бақылау;
- Кәсіподаққа қабылдау және Кәсіподақ мүшелерінің есебін ұйымдастыру;
- Кәсіподақ мүшелігінің мотивациясын арттыру бойынша ұйымдастырушылық шараларды жүзеге асыру;
- Кәсіподақ жұмысына Кәсіподақ мүшелерін тартуды қамтамасыз ететін жағдайларды туғызу;
- Кәсіподақ ұйымының барлық отырыстары ашық тәртіпте өткізіліп, барлық сұрақтар шешімі алқалы түрде шығарылады.
Кәсіподақ ұйымы - университеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарларын құру мен жүзеге асыруға, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі ережелер мен нормаларды және қауіпсіздік техникасын сақтау жұмыстарының ұйымдастырылуына белсене қатысады.
Кәсіподақ ұйымы барлық мәдени шараларға белсенділікпен қатынасып қолдау білдіріп отырады.
Қазақстан Республикасы, 030000, Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы 34, 112 кабинет.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметкерлері:
- Кәсіподақ төрағасы Иманчиев Жандарбек Ермекұлы
- Кәсіподақ ұйымының есепшісі Тауманова Әлия Қуанғалиқызы
Бастауыш кәсіподақ ұйымы тексеру комиссиясының құрамы:
- Кельбетова Сандигуль Жулдыбаевна, экономика және құқық факультетінің декан орынбасары– бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы,
- Габдуллин Айбек Бокенбаевич – ревизиялық комиссия мүшесі, ага окытушы,PhD
- Сәтерова Гүлнор Құламанбайқызы - ревизиялық комиссия мүшесі, Білім беру процесін ұйымдастыру департаментінің әдіскері
Бастауыш кәсіподақ ұйымының комитет мүшелері:
- Тәшімбаева Сақыпжамал Жаянқызы;
- Абдукаримов Әбдімұрат Махатұлы;
- Жанбау Дидар Куанович;
- Каримова Гулмира Мусабековна;
- Нургалиева Шынар Токашевна;
- Демесинова Айнұр Жұмамұратовна;
- Бурибаева Роза Амангельдиевна;
- Оразаева Жазира Жарасовна;
- Сәтерова Гүлнор Құламанбайқызы;
- Аметова Назира Болатқызы;
- Шарипова Бұлдырық Жақанқызы
- Жангелді Нұргүл Жангелдіқызы;
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік
және материалдық қолдау көрсету мәселелері туралы
Кәсіподақтар – еңбек қатынастарын реттеуде және қызметкерлер мен жұмыс беруші арасында сыңдарлы диалог орнатуда маңызды роль атқарып, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің орындалуын қадағалайтын қоғамдық бірлестік. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы өз құрамында мыңға жуық кәсіподақ мүшесін қамтитын іргелі ұжым.
Университеттің кәсіподақ ұйымы мемлекетіміз білім саласы қызметкерлерінің алдына қойып отырған міндеттерді, бағдарламалық құжаттарда қозғалған мәселелер мен қолға алынған бастамаларды, ҚР кәсіподақтар туралы заңын басшылыққа ала отырып, өз жұмысында төмендегі бағыттарға негізгі басымдық беріп келеді:
- сала қызметкерлерінің әлеуметтік құқығын қорғау;
- еңбек заңнамаларының, нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылау;
- өндірістік - кәсіптік мүдделерді қорғау, еңбек дауларын шешуге ат салысу;
- кәсіподақ жастарына білім мен тәрбие беруге қатысты түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу т.б.
«Аманат» партиясының кезекті съезінде әрбір саланың қызметін ұйымдастыруда «еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыруы» үшін қажетті жағдай жасаудың маңыздылығына айрықша мән берілген болатын. Осыған орай университет кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту жолындағы біршама жарқын істердің қолдаушысы болып отыр.
- сауықтыру шараларына ерекше көңіл бөлініп, оқытушылар мен қызметкерлердің қосымша демалыс уақытында шипажайларда ем алып келген кәсіподақ мүшелерінің 30%-ға дейінгі ем алу ақысы төленеді.
- кәсіподақ мүшелерінің өтініші бойынша материалдық көмек беру мәселесі қолданыстағы ережелерге сәйкес шешіліп, түрлі деңгейдегі қаржылай қайырымдылық шаралары жүзеге асырылып келеді.
- атаулы және кәсіби мерекелерді ұйымдастыруға ат салысып, еңбек озаттары мен әр түрлі жарыс жеңімпаздарын марапаттау бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысының дәстүрлі бағыттарының біріне айналып отыр.
Ұстаздар мерекесі қарсаңында кәсіподақ мүшелері облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы» және ақшалай сыйақыларымен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы «Құрмет грамотасымен» марапатталып келеді.
«Қаржыгерлер күні» мерекесі қарсаңында кәсіподақ мүшелері. Облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы» және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздігі күніне орай кәсіподақ мүшелері Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы «Құрмет грамотасы», Облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы» және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күніне орай кәсіподақ мүшелері Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы «Құрмет грамотасы», Облыстық кәсіподақ ұйымының.
Профессор –оқытушылар құрамы және қызметкерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында арнайы мәдени-көпшілік, спартакиада түрлі жарыстар өткізіліп, қаржылай демеушілік жасалады:
- «Ұстаздар мерекесі» гүл шоқтарымен қамтамасыз ету;
- «Қарттар күні» ақшалай марапаттар беру, Ардагер ұстаздарға сыйлықтар табыстау;
- 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне арналған университеттің профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлері арасында өткен қысқы спартакиадаға демеушілік жасау;
- «Жаңа жыл» жаңажылдық сыйлықтар мен тосын сыйлар дайындау және бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің балаларына арналған «Жаңа жылдық ертеңгілік» шырша ұйымдастыру;
- 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі күніне байланысты университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасында өткізілетін «Екі жұлдыз» шығармашылық сайысына демеушілік жасау;
- 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі күніне байланысты гүл шоқтары мен сыйлықтар дайындау;
- Қ.Жұбанов атындағы АӨУ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында Көңілді тапқырлар клубы сайысына қаржылай демеушілік көрсету.
- 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Атамекен» патриоттық әндер байқауына қолдау көрсету;
Бұлардан басқа кәсіподақ ұйымы ішкі еңбек тәртібінің сақталуы, жұмыс орнындағы еңбек жағдайын жақсарту мәселесін де назардан тыс қалдырмайды. Еңбек келісімшарттары жобасын дайындауға қатысу және оның орындалуын бақылау, еңбекті қорғау талаптарының жүзеге асырылуы мен жұмыс орнында еңбекке жағдай жасалу процестерін бірлесе тексерулер бір жағынан осы бағыттағы жұмыс сапасын жақсартуға септігін тигізсе, екінші жағынан бірлескен іс-қимыл еңбек дау-жанжалдардың алдын алуға ықпал етіп отыр.
«Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді, сондықтан білімнің салтанат құруы қажет» деген ұстанымның жүзеге асуы осы салада қызмет ететін әкімшілік, еңбек, қоғамдық ұжымдардың бірлескен іс-қимылына тікелей байланысты екені түсінікті. Сондықтан университет кәсіподақ ұйымы білім беру қызметкерлерінің алдына қойылған білім сапасын жетілдіру, білім жүйесіне озық технологияларды енгізу, мұғалім мәртебесін арттыру т.б. міндеттердің орындалуы, студенттердің ұлттық санасын қалыптастыра отырып, заманауи әлемдегі бәсекеге қабілеттілікке баулуға бағытталған іс-шараларға да белсене қатысады. Соның бір мысалы мерейтойы аталып өтетін профессор-оқытушы құрамы мен қызметкерлердің ғылыми еңбек жолына арналған конференциялар, кеңейтілген ғылыми кеңес, факультет кеңесі т.б. өткізіліп, ұжымға таныстыру оның мәртебесін көтерудің тиімді формасы. Профессор-оқытушылар құрамын мерейтойларымен құттықтап құрмет көрсетілді.
Ұстаздар мерекесі қарсаңында кәсіподақ мүшелері облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы» және ақшалай сыйақыларымен марапатталды.
Елімізде ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан – Кітапханашылар күні» болып бекітілген болатын. Осы тарихи сәттен бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кітапханашыларын кісіби мерекелерімен бастауыш кісіподақ ұйымы құттықтап сыйлықтар табыстады.
Кәсіподақ ұйымы мүшелері, Профессор-оқытушылар құрамымен қызметкерлерімізге мерейтойларымен құттықтап құрмет көрсетіледі.
«Жаңа жыл- 2025» жаңажылдық сыйлықтар мен тосын сыйлар дайындау және бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің балаларына арналған Қалалық мәдениет үйінде «Жаңа жылдық ертеңгілік» ұйымдастырылды
Мұғалджар ауданы білім қызметкерлері кісіподақ ұйымының есепшісі А.А.Маманова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті бастауыш кісіподақ ұйымының бюджеті оның ішінде мүшелік жарналардың есебі,кіріс шығыс құжатарын қарап әдістемелік көмек көрсетуде.