2024
27.05.2024
Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 27 мамырдағы шешімімен (№ 3 хаттама) Қоғамның 2023 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.
26.04.2024
«Аудиторлық ұйымды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 сәуірдің № 198 бұйрығымен «Аудит Консалт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жыл сайынғы аудиторлық аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып айқындалды. «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-ның 2023 жылға арналған қаржылық есебі.
01.04.2024
Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 01 сәуірдегі шешімімен (№3 хаттама) Еркин Серикжанович Тастанкулов «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры қызметіне сайланды.
01.04.2024
Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 01 сәуірдегі шешімімен (№3 хаттама) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-тың Тәуекелдер тізіліміне, Тәуекелдер картасына және Тәуекелдерге ден қою іс-шаралар жоспарына (тәуекелдердің туындауын болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспары-есеп) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
2023
29.12.2023
Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы шешіміне сәйкес (№11 хаттама) Есбол Есенбайулы Муханбеткалиев «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры қызметінен өз еркімен босатылды.
22.12.2023
Директорлар кеңесінің шешімімен (№11 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-тың 2023-2027 жылдарға арналған Дму бағдарламасы бекітілді.
22.12.2023
Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы шешімімен (№ 11 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-тың 2020-2024 жылдарға арналған жоспарының 2022 жылға арналған жоспарының орындалуын бағалау бекітілді. «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-тың 2020-2024 жылдарға арналған жоспарының 2022 жылға арналған жоспарының орындалуын бағалауды қанағаттанарлық деп тану туралы шешім қабылданды.
22.12.2023
Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы шешімімен (№11 хаттама) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-тың Тәуекелдер тізіліміне, Тәуекелдер картасына және Тәуекелдерге ден қою іс-шаралар жоспарына (тәуекелдердің туындауын болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспары-есеп) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
22.12.2023
Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы шешімімен (№11 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-тың 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспары бекітілді (2024 жылға арналған Даму жоспарының жылдық нақтылауы).
22.12.2023
Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы шешімімен (№11 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспарының алты айлық нақтылауы бекітілді. (2023 ж., 1 жартыжылдықтың нақтылауы).
20.09.2023
Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі шешімімен (№7 хаттама) Қоғамның 2022 жылға арналған даму жоспарының орындалуы туралы есеп бекітілді.
20.09.2023
Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі шешімімен (№7 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Адлет Жунисович Тойбаев сайланды.
29.08.2023
«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Қоғамның (Жалғыз акционер) 100% қатысу үлесін иеленетін және пайдаланатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қабылдаған шешім туралы хабарлайды.
«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 29 тамыздағы No 446 бұйрығымен, «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді:
- «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің мүшесі Куаныш Асылханович Ергалиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
- Қоғамның директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры Адлет Жунисович Тойбаев сайланды.
- Адлет Жунисович Тойбаевтың өкілеттік мерзімі жалпы Қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуымен аяқталатыны анықталды.
14.08.2023
Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 14 тамыздағы шешімімен (№ 6 хаттама) Қоғамның 2022 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.
30.06.2023
«Аудиторлық ұйымды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 298 бұйрығымен «Аудит Консалт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жыл сайынғы аудиторлық аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып айқындалды. «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-ның 2022 жылға арналған қаржылық есебі.
26.06.2023
Директорлар кеңесінің 2023 жылдың 29 маусымдағы шешімімен (№ 5 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-тың 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспарының жартыжылдық нақтылауы бекітілді. (2023 ж., 1 жартыжылдықтың нақтылауы).
12.04.2023
Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен (№ 2 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-тың 2022-2023 оқу жылына ұйымдық құрылымы мен штат саны бекітілді.
16.02.2023
16.02.2023 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№ 1 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ корпоративтік хатшысы Ж.Б. Досовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
16.02.2023
16.02.2023 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№ 1 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Ішкі аудит қызметінің 2023 жылға арналған Жылдық аудиторлық жоспары бекітілді.
2022
21.12.2022
21.12.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№1 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ 2020-2024 жылдарға арналған Даму стратегиясына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
21.12.2022
21.12.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№1 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын жылдық нақтылау (2023 жыл) бекітілді.
21.12.2022
21.12.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№1 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын жартыжылдық нақтылау (2022 жыл, 2 жартыжылдық нақтылау) бекітілді.
21.12.2022
21.12.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№1 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің жеке құрамы сайланды.
21.12.2022
21.12.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№1 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып Ерғалиев Қуаныш Асылханұлы сайланды.
31.10.2022
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 128 бұйрығымен «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы анықталды. «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ директорлар кеңесінің сандық құрамы 7 (жеті) адам болып белгіленді.
Директорлар кеңесіне сайланды:
Ерғалиев Қуаныш Асылханұлы – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі;
Жайжуманова Әсемгүл Абайқызы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы;
Қарабасова Лаура Шапайқызы – «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры;
Жұмажанов Арман Әлібекұлы - «Назарбаев Университет» ДБҰ Президентінің Кеңсе басшысы;
Оразалиева Зәбира Жандарқызы - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» КеАҚ заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры, тәуелсіз директор;
О’Доннелл Лоретта - «Назарбаев Университет» ДБҰ академиялық мәселелер жөніндегі вице-провосты, тәуелсіз директор;
Шаңғұтов Аслан Серікұлы – ««Аманат» сақтандыру компаниясы» АҚ Цифрлық технологиялар департаментінің директоры, тәуелсіз директор.
27.09.2022
27.09.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№10 хаттама) 2021 жылғы «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есеп бекітілді.
27.09.2022
27.09.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№10 хаттама) «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Стратегиялық жоспарының орындалуы туралы есеп (2021 жылдың қорытындылары) бекітілді.
21.09.2022
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 21.09.2022 жылғы № 57 бұйрығымен «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Жарғысына келесі өзгерістер енгізілді:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін 100% иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі - Жалғыз акционер) болып табылады.
Жалғыз акционер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жэне жекешелендіру комитетінің келісімі бойынша қабылданатын шешімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен акционерлердің жалпы жиналысының (Жалғыз акционердің) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді Жалғыз акционер дербес қабылдайды.».
15.09.2022
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Қоғамның мемлекеттік акциялар пакетінің 100% Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің иеленуіне және пайдалануына берілгені туралы хабарлайды (09.09.2022 жылғы № 37 Қабылдап алу-беру актісі).
31.08.2022
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті бар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды:
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2021 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 31.08.2022 жылғы № 30 бұйрығымен»:
- «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) 2021 жылғы бөлек шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.
- Қоғамның 2021 жылғы 1 378 131 759,58 теңге (бір миллиард үш жүз жетпіс сегіз миллион жүз отыз бір мың жеті жүз елу тоғыз теңге елу сегіз тиын) мөлшеріндегі таза табысы Қоғамның иелігінде қалды.
- 2021 жыл ішінде акционердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері келіп түспегені айқындалды.
31.08.2022
31.08.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№4 шешім) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымына Марьям Самғалиқызы Исмагилова тағайындалды.
16.08.2022
16.08.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№9 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
16.08.2022
16.08.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№9 хаттама) «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ 2021 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі алдын ала бекітілді.
12.07.2022
12.07.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№3 шешім) «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-ның Ішкі аудит қызметінің басшысы Қанашов Қасым Ермекұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
23.06.2022
23.06.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№7 хаттама) «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспары (2022 жылғы Даму жоспарын жартыжылдық нақтылау) бекітілді.
07.06.2022
07.06.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№6 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Комплаенс офисінің жетекшісі болып Мусюров Дархан Темірханұлы бекітілді.
17.05.2022
«Аудиторлық ұйымдарды анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 17.05.2022 жылғы № 203 бұйрығымен «Жан - Аудит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2021 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып анықталды.
16.05.2022
16.05.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№5 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректоры болып Есенбаева Гүлнар Есімқанқызы сайланды.
04.05.2022
04.05.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№4 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Директорлар кеңесі Комитеттерінің сандық және дербес құрамы айқындалды.
02.05.2022
18.03.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№3 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – стратегиялық даму жөніндегі проректор болып Хусаинов Дастан Сактаганович сайланды.
19.04.2022
19.04.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№2 шешім) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректор лауазымдарына конкурс жарияланды.
24.02.2022
11.02.2022 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№2 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – стратегиялық даму жөніндегі проректор және Басқарма мүшесі – қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректор лауазымдарына конкурс жарияланды.
2021
24.12.2021
24.12.2021 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№13 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспары (2021 жылдың екінші жартыжылдығындағы Даму жоспарын нақтылау) бекітілді.
15.12.2021
15.12.2021 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№12 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-тың 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспары (2022 жылға арналған Даму жоспарын жыл сайын нақтылау) бекітілді.
30.10.2021
30.11.2021 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№11 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспарының 2020 жылда іске асырылуын бағалау бекітілді. «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспарының 2020 жылда іске асырылуын бағалау қанағаттанарлық деп есептеу туралы шешім қабылданды.
30.10.2021
30.11.2021 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№11 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-ның 2020 жылғы Жылдық есебі бекітілді.
30.10.2021
30.11.2021 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№11 хаттама) 2021-2022 оқу жылына арналған «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ ұйымдық құрылымы мен штат саны бекітілді.
27.10.2021
27.10.2021 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№10 хаттама) «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор болып ф.ғ.к. Е.Е. Муханбеткалиев сайланды.
27.10.2021
27.10.2021 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№10 хаттама) «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор болып т. ғ. д., доцент Р.А. Бекназаров сайланды.
14.10.2021
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті бар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды:
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 14.10.2021 жылғы № 144-жқ бұйрығымен»:
- Айнур Сейтканкызы Сейткан «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор лауазымына тағайындалды.
08.10.2021
Директорлар кеңесінің 08.10.2021 күнгі шешіміне сәйкес (№3 шешім) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшелерінің бос лауазымдарына (Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор; Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор; Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор) конкурс жарияланды.
05.10.2021
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті бар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды:
«Кейбір коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 408 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 05.10.2021 жылғы № 502 бұйрығымен «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры Лаура Шапайқызы Қарабасова «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің құрамына енгізілді.
07.09.2021
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті бар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды:
«ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 07.09.2021 жылғы № 135-жқ бұйрығымен Лаура Шапайқызы Қарабасова «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректоры лауазымына тағайындалды.
16.08.2021
Директорлар кеңесінің 09.08.2021 күнгі шешіміне сәйкес (№7 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректоры лауазымына конкурс жарияланды.
16.07.2021
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті бар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 346 бұйрығымен «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамның корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 171 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамның корпоративтік басқару кодексінде:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамның Корпоративті басқару кодексі (бұдан әрі – Кодекс) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Қоғам) өз қызметі барысында Қоғам ішіндегі және басқа да мүдделі адамдармен қатынастарда басшылыққа алатын ережелер жиынтығы болып табылады.
Кодекс – «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорлар кіреді. Директорлар кеңесі мүшелерінің саны кемінде үш адамнан тұрады. Қоғамның Директорлар кеңесі құрамының кем дегенде отыз пайызы тәуелсіз директорлар болуға тиіс. Қабылданатын шешімдердің тәуелсіздігін Жалғыз акционерге әділ қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін тәуелсіз директорлардың саны жеткілікті болуы тиіс. Директорлар кеңесінің құрамы гендерлік теңгерімді сақтауы тиіс.
Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері Қоғамды басқару немесе оның меншігі объективті ойлауды жүзеге асыруға кауіп төндіруі мүмкін қандай-да бір материалдық мүдделерге немесе қатынастарға байланыссыз болып табылады.
Тәуелсіз және объективті шешімдер қабылдау үшін жеткілікті кәсіби дербестілікке ие, жекелеген акционерлердің, атқарушы органның және өзге де мүдделі тараптардық ықпалынан еркін адам тәуелсіз директор болып танылады.
Тәуелсіз директорларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғам Жарғысына сәйкес белгіленеді.
Тәуелсіз директорлар мүдделер қақтығысы болуы мүмкін мәселелерді (қаржылық және қаржылық емес есептілікті дайындау, оған қатысты мүдделілік бар мәмілелерді жасау, Басқарма құрамына үміткерлерді жылжыту, Басқарма мүшелеріне сыйақы белгілеу) талқылауға белсенді түрде қатысады. Тәуелсіз директорларды Директорлар кеңесінің негізгі – аудит, тағайындау және сыйақылар комитеттерінің төрағалары сайлайды, басқа комитеттерде олар төраға ретінде сайланады.
Тәуелсіз директор тәуелсіздік мәртебесінің жоғалту ықтималдығын және мұндай жағдайлар болған жағдайда, Директорлар кеңесінің төрағасына алдын-ала хабарландыруды қадағалайды. Директорлар кеңесі мүшесінің тәуелсіздігіне ықпал ететін мән-жайлар болған жағдайда, Директорлар кеңесінің төрағасы дереу осы ақпаратты тиісті шешім қабылдау үшін акционерлердің назарына жеткізеді.»;
мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:
«56-1. Директорлар кеңесінің мүшелері – тәуелсіз директорлармен шартты Басқарма Төрағасы – Ректор (Президент – Ректор) жасайды».
14.06.2021
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті бар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды:
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 14.06.2021 жылғы № 63-жқ бұйрығымен»:
1. Лаура Чапаевна Карабасова «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор лауазымына тағайындалды.
31.05.2021
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті бар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды:
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 31.05.2021 жылғы № 250 бұйрығымен»:
- «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) 2020 жылға жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.
- Қоғамның 2020 жылғы 735 012 560,83 теңге (Жеті жүз отыз бес миллион он екі мың бес жүз алпыс теңге сексен үш тиын) мөлшеріндегі таза табысы қоғамның иелігінде қалды.
- 2020 жыл ішінде акционердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері келіп түспегені айқындалды.
28.05.2021
Директорлар кеңесінің 21.05.2021 күнгі шешіміне сәйкес (№4 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректоры лауазымына конкурс жарияланды.
19.04.2021
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі №171 бұйрығымен Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамның Корпоративтік басқару кодексі бекітілді.
16.04.2021
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 16.04.2021 жылғы шешімен (№3 хаттама) Балтымова Мира Рашидқызы өз еркімен корпоративтік хатшы қызметінен босатылып, Досов Жәнібек Бағдатұлы Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы қызметіне тағайындалды.
12.02.2021
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың ««Кейбір коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің мәселелері туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №408 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы 2021 жылғы 12 қаңтардағы бұйрығына сәйкес «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына өзгеріс енгізіліп, тәуелсіз директор Шүнкеева Әсел Қуанышбекқызының орнына «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» КеАҚ заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Оразалиева Зәбира Жандарқызы тәуелсіз директор (келісім бойынша) болып сайланды.
02.02.2021
Директорлар кеңесінің 01.02.2021 жылғы шешіміне сәйкес (№1 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы-Ректоры лауазымына конкурс жарияланды.
2020
22.12.2020
Директорлар кеңесінің 22.12.2020 жылғы шешіміне сәйкес (№4 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» КеАҚ Ішкі аудит қызметі құрылды, Ішкі аудит қызметінің жетекшісі лауазымына Қанашов Қасым Ермекұлы тағайындалды.
06.10.2020
Директорлар кеңесінің 02.10.2020 жылғы шешіміне сәйкес (№1 хаттама) «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы-Ректор лауазымына конкурс жарияланды.
02.10.2020
Директорлар кеңесінің 02.10.2020 жылғы шешімімен (№1 хаттама) Балтымова Мира Рашидқызы «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысы болып тағайындалды.
02.10.2020
Директорлар кеңесінің 02.10.2020 жылғы шешімімен (№1 хаттама) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
23.09.2020
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Кейбір коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің мәселелері туралы» 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №408 бұйрығы негізінде «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы анықталды. Директорлар кеңесіне сайланған тұлғалар:
Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы;
Жайжуманова Әсемгүл Абайқызы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы;
Сүлейменова Гүлназ Тұралықызы, Ақтөбе облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары;
Күзембаева Бұлбұл Бисембайқызы, Ақтөбе облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы;
Тундукпаев Сұлтан Саидұлы, «Атлант Ақтөбе» ЖШС жобасының жетекшісі, «Қазақстан күн энергетика қауымдастығы» ЗТБ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
Шүнкеева Әсел Қуанышбекқызы, «БанкЦентрКредит» АҚ Ақтөбе филиалының директоры, тәуелсіз директор.
17.06.2020
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 11 қазандағы №752 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» 2020 жылғы 27 мамырдағы №320 бұйрығы негізінде 2020 жылғы 17 маусымда «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамына айналу арқылы қайта құруды аяқтады.