Университетте экологиялық, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты білім беру процестеріне, ғылыми зерттеулер мен басқарушылық қызметке енгізуді үйлестіретін тұрақты даму Комитеті жұмыс істейді. Комитет құрамына Стратегиялық даму жөніндегі проректор, Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор, сондай-ақ Ғылым және инновация, Халықаралық байланыстар және Стратегиялық жоспарлау департаменттерінің директорлары кіреді. Комитет Университет қызметі аясында БҰҰ-ның Даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған стратегияларды әзірлеуге және іске асыруға жауапты.