Дәріс №7

Оқу-әдістемелік құралды жасау және рәсімдеу тәртібі

 

Дәрістің мақсаты: білім алушыларға оқу құралдардын жасау, оларды рәсімдеу және оларға қойылатын талаптар мен ережелерімен таныстыру.

 

Дәрістің жоспары:                              

1. Оқу-әдістемелік құралға қойылатын талаптар (үлгісі).

2. Оқу-әдістемелік құралдарды рәсімдеу ережесі.

3. Оқу-әдістемелік құралға рецензия құрастырудың үлгісі.

 

1. Оқу-әдістемелік құралға қойылатын талаптар (үлгісі). Оқу құралында оқу-әдістемелік материалдардың әртүрлі түрлері болуы мүмкін: баспа басылымдары, цифрлық білім беру құралдары, оқуға арналған арнайы интернет-сайттар және т. б.

Оқу-әдістемелік құралды әзірлеу кезінде пәннің (дисциплина) келесі ерекшелігін ескеру қажет):

1. Оқу құралы, әдетте, оқу жоспары бойынша әзірленеді.

2. Оқу құралының атауында пәннің (дисциплина) атауы болуы керек.

3. Оқу құралы келесі басымдық бойынша жасалады:

- оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып (модульдік оқыту принципі, балдық-рейтингтік жүйені қолдану, құзыреттілік тәсіл және т.б.);

- егер авторлар материалды жеткізуге жаңа көзқарас танытса (пән (дисциплина) бойынша схемалар мен кестелер түрінде, тест тапсырмаларының жинағын және т.б.)

- пән (дисциплина) бойынша оқу-әдістемелік кешен құрамына кіретін болса.

Оқу құралының міндетті элементтері:

- бастапқы (титулдық) бет;

- мазмұны;

- кіріспе;

- оқу құралының негізгі бөлімі;

- қорытынды;

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- шартты белгілер, қысқартулар мен терминдердің тізімі;

- қосымшалар.

Бастапқы  бет құжаттың мұқабасы ретінде қызмет етеді және келесі ақпаратты қамтуы керек:

- министрлік атауы;

- жұмыс орындалған ұйымның атауы;

- жұмыс атауы: оқу-әдістемелік құрал;

- тақырып (пәні/дисциплина бойынша);

- автор туралы мәліметтер (лауазымы, тегі, аты-жөні, біліктілік санаты);

- елді мекен және жұмысты орындау жылы.

Мазмұны мыналарды қамтиды: кіріспе, бөлімдердің, бөлімшелердің және тарауларының атаулары (егер олардың атаулары болса), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар (бар болса).

Кіріспе зерттелетін мәселенің жай-күйін қысқаша бағалауды, таңдалған тақырыптың проблемалары мен өзектілігін, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, зерттеу объектісі мен тақырыбын, қолданылатын әдістерді, әдістемелер мен технологияларды, практикалық маңыздылығын бағалауды қамтуы тиіс. Кіріспе көлемі 3-5 беттен аспауы керек.

Негізгі бөлімде мыналар болуы керек:

- таңдалған тақырыптың негіздемесі (зерттеу бағыты), оқытылатын пән  бойынша есепті шешу);

- теориялық немесе эксперименттік зерттеулер процесі, оған қоса дайындалған бағдарламалардың әрекет ету принциптері мен олардың сипаттамалары;

- алға қойылған мақсаттарды шешу негізінде, зерттеу нәтижелерін қорытындылау және бағалау.

Қорытындыда орындалған зерттеулердің нәтижелері бойынша қысқаша тұжырымдар және қойылған міндеттерді шешудің толықтығын бағалау қамтылуға тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (әдебиеттер, сайттар және т.б.) «Библиографияны құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері» сәйкес құрастырылуы керек және әдеби көздер туралы библиографиялық мәліметтерді қамтуы тиіс.

Қосымшада болуы мүмкін:

- көмекші сипаттағы иллюстрациялар;

- жұмысты орындау барысында әзірленген нұсқаулықтар мен әдістемелер;

- қосалқы сандық мәліметтер кестесі.

Оқу-әдістемелік құрал төмендегілерді ескере отырып құрылуы тиіс: дидактикалық принциптер: тұлғаға бағытталған, белсенді, функционалдық, ғылыми, жүйелілік, қол жетімділік, оқып үйренуді дамыту, сабақтастық, сондай-ақ пәнді (дисциплина) оқудағы коммуникативтік-когнитивтік және әлеуметтік-мәдени тәсілдерді ескере отырып жүргізіледі.

Оқу-құралын оқып-білуде, білім алушының жеке басына сай білім алуына, тәрбиеленуге және дамуына бағытталуы керек.

Жекелік мағынаның мазмұны, атап айтқанда келесіні қамтуы мүмкін:

-         Білім алушылардың нақты проблемаларымен байланысты жас ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескере отырып пәнді таңдау;

-         Оқылатын пәннің (дисциплина) деңгейіне байланысты (базалық және бейіндік) таңдау жасау;

-         Білім алуышылардың кәсіби дамуымен қатар, өзін-өзі анықтауының қажеттекліктерін ескеру;

-  Студенттерді дайындауға қойылатын талаптарды тұжырымдау.

Оқу-әдістемелік құралды жасауда білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және дамытуға бағытталуы тиіс. Бұл коммуникативті-танымдық дағдыларды дамытуға көбірек назар аударуды қамтиды, мысалы:

- танымдық іс-әрекетті дербес және дәлелді түрде ұйымдастыру (мақсат қоюдан бастап нәтижені алуға және бағалауға дейін);

- жобалық зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстарды жүргізуге қатысу;

- берілген тақырып бойынша қажетті ақпаратты түрлі дереккөздерден, соның ішінде интернеттен іздеуді жүзеге асыру;

- әр түрлі белгі жүйелерінде (мәтін, кесте, график, аудиовизуалды жазба және т. б.) жасалған көздерден қажетті ақпаратты алу;

- ақпаратты бір белгі жүйесінен екіншісіне аудару (мәтіннен кестеге, аудиовизуалды жазбадан мәтінге және т. б.);

- негізгі ақпаратты қосалқы ақпараттан ажырату;

- қабылданатын ақпараттың шынайылығын сыни бағалау;

- ақпараттың мазмұнына қойылған мақсатқа сай келуі (қысқаша, толық, іріктеп);

- өз пайымдауларын жан-жақты, дәлелді негіздеу, анықтамалар беру, дәлелдемелер келтіру, оларды мысалдар көмегімен суреттеу;

- мультимедиялық технологияларды қолдана отырып, презентациялар жасауда материалдар жасау.

Оқу құралының дәстүрлі оқу-әдістемелік материалдарының қысқаша сипаттамасы жинақталған түрде келесідей болады:

 

№н/р

Оқу құралдағы оқу-әдістемелік материалдарының компоненті

Оқу құралдағы оқу-әдістемелік материалдарының компонентіне қойылатын талаптар

Оқу құралдағы оқу-әдістемелік материалдар компонентіне ұсыныстар

1

Оқу құралдарына арналған оқу-әдістемелік материалдар:

1) оқу құралы

Тиісті:

- пән бойынша оқу процесіне қойылатын жалпы дидактикалық принциптер мен талаптарды ескере отырып құрылған жұмыстың толық бағдарламасының болуы;

- жүйенің барлық компоненттерін ұсыну (оқытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері мен тәсілдері;

- ақпараттық, мотивациялық, ұйымдастырушылық-жоспарлау, коммуникативті және бақылау функцияларын біріктіру;

- сабақты  ұйымдастыру және материалдық қамтамасыз ету;

- студенттерге өздері оқып жатқан материалды көрнекі түрде көрсету, білім алушылардың материалды қабылдаудың визуалды және мотор арналарын белсендіру және олардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жағымды эмоционалды әсер ету;

- студенттердің жас категориясына сәйкес материалдың формасы мен мазмұнының болуы;

- қажетті материалдардың алуан түрлілігі есебінен деңгейлік саралау және оқытуды дараландыру үшін мүмкіндіктер жасау;

- маңызды материалдарды білім алушылардың бойына сіңіру мақсатында бөліп көрсету;

- оқытушы мен білім алушының іс-әрекетін басқару, басқарудың икемділігін қамтамасыз ету, олардың шығармашылығына кеңістік қалдыру;

- анықтамалық материал, бақылау және өзін-өзі бақылауға арналған тапсырмалар, жобалық жұмысты орындауға арналған материалдар болуы тиіс

Студенттерге зерттелетін тақырып бойынша материалды игеруде қосымша мүмкіндіктерін қамтамасыз ету

 

2) Білім алушыларға арналған әдістемелік нұсқаулықтар

Тиісті:

-пособияның мазмұнында инвариантты (міндетті) және вариативті бөлігінің болуы. Мазмұн, атап айтқанда, тақырыптар немесе модульдер тізімі түрінде ұсынылуы мүмкін;

- өзіндік жұмыс және өзін-өзі бағалау рәсімдерінің сипаттамасын қамтуы тиіс;

- оқу материалдарында бағдарлауды қамтамасыз ететін таңбалар мен белгілердің шифрын шешуді қамтамасыз ету;

- қарым-қатынас жөніндегі серіктестермен және педагогпен өзара іс-қимыл тәсілдерінің сипаттамасын қамтуы тиіс;

- оқу материалдары мен Интернет-ресурстармен ұсынылған танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін оқушының мүмкіндіктерін сипаттау.

Жобалау-зерттеу қызметінің қорытындысы бойынша сайттарға сілтемелер, презентация үлгілері болуы мүмкін

 

2

Оқытушыға арналған әдістемелік ұсынымдар

Тиісті:

- авторлық тұжырымдаманы және курстың жалпы мақсаттарын ашып, оқулыққа толық түсініктеме беру-оқытушының қызметін, ол арқылы білім алушылардың, соның ішінде жеке, топтық қызметін басқару құралы ретінде қызмет ету;

-жалпы тақырыптық жоспарлауды, белгілі бір дағдылар мен білімдерді қалыптастыру бойынша жалпы ұсынымдарды, оқытудың, оның ішінде шығармашылық қызмет түрлерінің, мысалы, интернет-конференцияларды, форумдарды іздеу-жобалау ұйымын және т. б. оқыту тәсілдері мен әдістерін қамтуы тиіс;

- курстың барлық тапсырмаларына кілттер (жауап) болуы керек.

Әр сабақ жоспары және белгілі бір құралдар, мысалы, семинарлардың сценарийлері мен конференциялар және

т.б. қамтуы мүмкін

3

Бейне материал, кинофрагмент-тер

Білім алушыларға (студент) сол немесе басқа тақырыптар бойынша материалдарды көрнекі көрсетуі тиіс.

Қаралған бейне сюжетке негізделген коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша кезең-кезеңмен жұмыс істеу үшін арнайы тапсырмаларды қамтуы мүмкін

4

Мультимедия-лық бағдарламалар

Тиісті:

- ұсынылған заманауи бағдарлама тасымалдауыштарда студенттердің ақпаратпен жұмыс істей білуін қалыптастыру;

- пән бойынша оқу ақпаратын іздеу, өңдеу және ұсынуға мүмкіндік беретін мультимедиялық оқыту бағдарламаларын қамтиды.

 

Оқытудың дидактикалық қағидаттарын ескере отырып әзірленген және оқытудың мультимедиялық құралдарына қойылатын талаптарға жауап беретін пән (дисциплина) бойынша электрондық оқулықтарды қамтуы мүмкін.

5

Бақылау өлшегіш материалдар

Тиісті:

- бағаланатын бақылау объектілеріне, оның ішінде коммуникативті біліктер мен дағдыларға адекватты болуы;

- білім алушылардың қорытынды бақылауы үшін қолданылатын тапсырмалардың түрлерін игеруіне ықпал ету;

- қорытынды тексеру жұмыстарына сәйкес келетін (форматы және күрделілік деңгейі бойынша) жаттығу тапсырмаларын қамтуы тиіс.

Материалдарда барлық коммуникативтік дағдылар бойынша қосымша тапсырмалар болуы мүмкін

 

2. Оқу-әдістемелік құралдарды рәсімдеу ережесі. Әдістемелік нұсқаулықты баспаға шығару үшін әдетте келесі талаптар белгіленеді: жоғарғы жағы (бет параметрлері) - 2 см, төменгі жағы - 2 см, оң жағы - 2 см, сол жағы - 2 см; жоларалық интервал - бір, бірінші жолдың шегінісі-1 см.

Егер әдістемелік құралдарда суреттер, графиктер және т.б. болса, олар міндетті түрде топтастырылады, мәтінді одан әрі түзету кезінде сызбалар бұзылмауы үшін мәтінмен (контур бойынша) қоршалады (обтекание текстом). Егер әдістемелік нұсқауда формулалар теру керек болса, Microsoft Equation редакторамен теру керек.

3. Оқу-әдістемелік құралға рецензия құрастырудың үлгісі. Әдістемелік нұсқаулыққа рецензия - бұл рецензент берген жұмыстың негізгі бөлімдерімен қатар, қорытындыларға өзін бағалаудың бір түрі. Жалпы мағынада «рецензия» сөзі белгілі бір шығарманы сыни талдау мен бағалауды білдіреді. Әдістемелік нұсқаулыққа рецензия беруде - орындалған жұмысқа бағалау бойынша анализ жасайды  және көлемі бойынша екі беттен аспайды. Рецензенттер, әдетте, материалды қарау және бағалау үшін жеткілікті білімі мен тәжірибесі бар ғалымдар, доценттер мен профессорлар болып табылады.

Төменде, оқу құралдарына рецензияның бірнеше нұсқалары келтірілген.

Нұсқа 1. 1. Әдістемелік нұсқаулықта баяндалған материалдың курс бағдарламасының мазмұнына (оқу бағдарламасынан ауытқу болған жағдайда, олардың неден туындағанын және олардың мақсатқа сай екенін көрсету керек) және мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін анықтау.

2. Әдістемелік құрал мазмұнының өзектілігін бағалау: ондағы материалдың деңгейі ғылымның, техниканың және мәдениеттің заманауи жетістіктеріне сәйкес келуі.

3. Ұсынылған жұмыс пен сол тақырып бойнша осы уақытқа дейін жарияланған жұмыстың айырмашылығын көрсету.

4. Әдістемелік құралға әдістемелік тұрғыдан баға беру және оның осы пәнді оқыту талаптарына сай келетіндігін анықтау.

5. Баспаға шыққалы жатқан материалдың дидактикалық аппаратының толықтығы мен сапасын талдау, бақылау сұрақтары мен міндеттері қаншалықты дұрыс таңдалғанын анықтау.

6. Студенттердің өзіндік жұмысы үшін болашақ әдістемелік құралдарды қолданудың тиімділігін бағалау.

7. Анықтамалық-ілеспе аппараттың элементтері қаншалықты толық ұсынылғанын көрсету (басылым түрін ескере отырып): алғы сөз, көрсеткіштер, сол баспаға аңдатпа (аннотация), әдебиеттер тізімдері, қысқартулар мен шартты белгілер тізімдері және т.б., сондай-ақ кіріспе, қорытынды, қосымшалар сияқты мәтін элементтері.

8. Әдістемелік нұсқаулықта келтірілген материалдың сапалық және сандық бағасын беру: нақты, иллюстрациялық.

9. Анықтамалар мен тұжырымдардың дұрыстығы мен дәлдігін бағалау.

10. Әдістемелік құралда жалпы қабылданған терминологияны, нормаларды, ережелерді, стандарттарды және т. б. пайдалануға баға беру.

11. Арнайы пәндер бойынша әдістемелік нұсқаулықта жалпы қабылданған және жалпы техникалық пәндер бойынша оқу әдебиетінде қолданылатын шамалардың, анықтамалардың және ұғымдардың сәйкестігін бағалау.

12. Ұсынылған материалдың әдеби стилін бағалау.

13. Болашақ кітапты пайдалану мүмкіндігіне орай министрлікке қаншалықты қажеттілік екендігін бағалау.

14. Жалпы қолжазба туралы негізделген қорытынды және қажет болған жағдайда оны жақсарту бойынша ұсыныстар беру.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Оқу-әдістемелік құралдарды дайындаудағы негізгі талаптар қандай?

2. Оқу-әдістемелік құралдарды рәсімдеудің ережелері қандай?

3. Рецензия дегеніміз не?

4. Қосымшада болуы мүмкін?

5. Мазмұны нені қамтиды?