Университет туралы
Университет тарихы
Университеттің дамуы
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов
Басқару органдары
Алқалы органдар
Парасаттылықты қалыптастыру
Профессор-оқытушылар құрамы
Кәсіподақ ұйымы
Құқықтық негіз беретін құжаттар
Аккредиттеу. Сертификаттар. Рейтингтер
Аудиторлық қорытынды
Zhubanov university білім беру
Оқу процессін ұйымдастыру
Көптілді білім беру
Нормативтік-құқықтық база
Жаңалықтар
Университеттің академиялық саясаты
Университеттің әдістемелік жұмысы
Оқу-әдістемелік қызметті басқару құрылымы
Ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметті басқару құрылымы
Ғалымдары
Ғылыми іс-шаралар жоспары
Ғылыми орталықтар
Startup академиясы
Диссертациялық Кеңестер
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы
Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Іс-шараларға тіркелу
Студенттік парламент
Студенттердің жетістіктері
Нормативті-құқықтық құжаттар
Кәсіби даму және мансап орталығы
Жаңалықтар
Байқау туралы хабарландыру zhubanov.edu.kz. АӨУ сайтында орналастырылған сәттен бастап ашық болып саналады.
Конкурстық жұмыстарды ұйымдастырушылар байқау жарияланған күннен бастап бір ай ішінде қабылдайды.
Үздік конкурстық жұмыстарды зерделеуді және іріктеуді сараптау комиссиясы жүргізеді. Сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде бес адамды құрайды (әрбір бағыт бойынша жеке) – университеттің жетекші ғалымдары, тиісті салалардағы мамандардан тұрады.
Байқау (жеке бағыттар бойынша) бірнеше кезеңде өткізіледі:
1) байқауды жариялау, конкурстық жұмыстарды қабылдау және тіркеу: байқау туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай ішінде;
2) сараптау және іріктеу: жұмыстарды қабылдау аяқталғаннан кейінгі бірінші апта ішінде;
3) сараптау комиссиясы іріктеген үздік конкурстық жұмыстарды презентациялау;
4) қазылар алқасы мүшелерінің жүлделі орындарды анықтауы және байқау нәтижелері туралы хабарлауы: жұмыстарды қабылдау аяқталғаннан кейінгі екінші апта ішінде.
Байқауды қаржыландыру көлемі 1 000 000 теңгені құрайды.
Байқауды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері:
• озық педагогикалық тәжірибені анықтау мен тарату және әдістемелік дәстүрлерді қалыптастыру;
• заманауи педагогикалық технологияларды қолдану және енгізу арқылы білім беру процесінің тиімділігін арттыру;
• педагог кадрлардың біліктілігін үздіксіз арттыру жүйесін ұйымдастыру және оларды ынталандыру;
• профессорлық-оқытушылық құрамның шығармашылық, зерттеушілік және эксперименттік қызметі үшін жағдай жасау;
• білім беру қызметтері нарығында ЖОО имиджін қалыптастыру.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар
Байқауға Қ.Жұбанов атындағы АӨУ университетінің оқытушылары, сондай-ақ ішкі қосымша қызмет атқаратын құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатыса алады.
Байқау шарттарында жеке қатысу да, ұжымдық да (жеке автордың немесе оқытушылар ұжымының әдістемелік жобалары) қарастырылған.
Оқу процесінде белсенді қолданылатын әдістемелік жобалар конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға оқу процесінде инновациялық оқыту технологияларын қолданғаны туралы растамасы бар және осы технологияларды "Әдістемелік апта" шеңберінде көрсеткен оқытушылар жіберіледі.
Растау болып табылады:
• оқытудың инновациялық технологияларын енгізумен оқу сабақтарын өткізу бойынша әдістемелік әзірлемелердің болуы (енгізу туралы актілер);
• кафедра, әдістемелік секциялар отырыстарының хаттамалары, сабақтарды талқылау және пайдаланылған технологияны сипаттау.
Ұқсас конкурстарда, байқауларда, әртүрлі ауқымдағы іс-шаралар номинацияларында көтермелеуге ұсынылған жұмыстар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Ғылыми-педагогикалық тәжірибені игеру мен енгізуде тең бастапқы мүмкіндіктер мен іс-әрекетке бағыттылықты қамтамасыз ету мақсатында конкурс әр бағыт ішінде екі санат бойынша пәндерді оқыту әдістемесі бойынша ұйымдастырылады: педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан 10 жылға дейін және 10 жылдан астам оқытушылар үшін.
Жобалардың мазмұнына, құрылымына және рәсімделуіне қойылатын талаптар
Әдістемелік жобаның мазмұнына, құрылымына және рәсімделуіне қойылатын талаптарда келесі алгоритмді сақтау ұсынылады:
• тақырыпты таңдаудың қысқаша негіздемесі және оның өзектілігі;
• объект, пәні, мақсат, гипотеза, негізгі міндеттер;
• жобаны әзірлеу кезеңдері (мерзімі мен мазмұны);
• нәтижелер критерийлері;
• жобаның негізгі дәлелденген нәтижелері: сандық және сапалық нәтижелер, теориялық интерпретация;
• негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар;
• жобаның жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы (жобаны әзірлеу барысында қандай жаңа, бұрын белгісіз педагогикалық фактілер ашылды, оның нәтижелері теорияның дамуына қалай әсер етеді, аймақтық білім беру жүйесі үшін қандай практикалық құндылық болып табылады);
• жобаның нәтижелерін апробациялау және тәжірибеге енгізу (жобаның нәтижелерін кафедра отырыстары, факультет кеңесі, семинарлар, кеңестер арқылы қарау, оларды баспасөзде көрсету және т. б.)
Байқауды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері:
• білім алушылар мен оқытушылардың өмір сүру сапасының стандарттарын жетілдіруге, елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне озық білім мен технологиялар трансферіне бағытталған әлеуметтік маңызды бизнес-бастамаларын және стартап-жобаларын қолдау;
• кәсіпкерлік орталығын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде жобаларды әзірлеушілерді өзара іс-қимыл жасауға ынталандыру;
• білім алушылар мен оқытушылар арасында кәсіпкерлік қызметті насихаттау;
• жас кәсіпкерлердің кәсіби және жеке дамуына ықпал ету;
• кәсіпкерлікті қолдау құралдарының қолжетімділігін кеңейту;
• нарық талап ететін тақырыптар бойынша қазақстандық және шетелдік инновациялық ұйымдар арасында зерттеушілер мен әзірлемелерді ынталандыру;
• ғылыми және кәсіпкерлік қоғамдастықтардың синергиясының әлеуетін іске асыру;
• жеңімпаздардың жобаларын коммерцияландыруға жәрдемдесу;
• университет имиджін қалыптастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
Конкурсқа қ.Жұбанов атындағы АӨУ университетінің оқытушылары, сондай-ақ ағымдағы оқу жылы кезеңінде Start-up жобаларды іске асырған құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатыса алады.
Конкурс шарттарында жеке қатысу да, ұжымдық да (жеке автордың немесе оқытушылар ұжымының Start-up жобалары) көзделген.
Ұжымдардың құрамына студенттер, магистранттар және докторанттар кіретін Start-up жобалар конкурсқа қатысуға жіберіледі және оларға басым құқық беріледі.
Ұқсас конкурстарда, байқауларда, әртүрлі ауқымдағы іс-шаралар номинацияларында көтермелеуге ұсынылған жұмыстар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Конкурсқа қатысуға үміткердің өтінімі, конкурсқа әлеуетті қатысушының «Қ.Жұбанов атындағы АРУ-дың үздік жобасы» конкурсы туралы Ережеде көзделген талаптармен және шарттармен келісім білдіруінің нысаны болып табылады.
Белгіленген күннен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.
Жобалардың мазмұнына, құрылымына және рәсімделуіне қойылатын талаптар
Конкурсқа қатысушылар титулдық парақты рәсімдеп, өтінім нысанын толтырып, жобаның Start-up тұсаукесерін ұсынуы қажет.
Презентация PowerPoint форматында дайындалуы (7 слайдтан аспауы керек) және келесі ақпаратты қамтуы керек:
• Стартап-жобаның атауы;
• сұраныс / нарық: тауардың/жұмыстың/қызметтің/басқа мақсатты топтың сұранысы;
• шешім: экологиялық тиімділік, әлеуметтік маңыздылық;
• бизнес-моделі;
• маркетинг және сату, негізгі бәсекелестермен салыстыру;
• ағымдағы мәртебесі және жоспар кестесі;
• сыртқы қаржыландыруға қажеттілікті көрсете отырып, қаржыландыру көлемі, өтелу мерзімі / рентабельділік, құрылатын жұмыс орындарының саны;
• команда, байланыстар (контакты).
Қажет болған жағдайда Ұйымдастырушы өтінім берушіден конкурсқа қатысы бар қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
Екінші кезеңде іріктеу презентация және Конкурсқа қатысушылардың өздерінің стартап жобаларын қорғауы негізінде жүргізіледі (бір презентацияға бес минуттан аспайды).
Байқауды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері:
• университеттің әлеуметтік-мәдени ортасын қалыптастыру;
• білім алушылардың әлеуметтік белсенділігін дамыту, олардың қоғамдық, спорттық, мәдени-шығармашылық қызметте әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау;
• білім алушылардың назарын Қ.Жұбанов ат. АӨУ-нің және аймақтың өзекті әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге аудару;
• жастардың бойында университеттік өмірге жеке және ұжымдық қатысу, командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
Конкурсқа Қ. Жұбанов атындағы АӨУ университетінің оқытушылары, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері, сондай-ақ өз қызметі туралы бекітілген ережесі бар Қ.Жұбанов атындағы АӨУ білім алушыларының бірлестіктері немесе клубтары қатыса алады.
Конкурс келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
• Мәдени-шығармашылық-жобалар - мақсаты білім алушылардың қабілеттерін шығармашылық дамыту үшін жағдай жасау, студенттік ортада қазақ және әлемдік мәдениет құндылықтарын тарату жөніндегі іс-шараларды іске асыру болып табылатын;
• Волонтерлік жобалар - мақсаты ЖОО-дағы волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау, мұқтаждарға тікелей әлеуметтік ерікті көмек көрсету болып табылатын;
• Спорттық жобалар - мақсаты спортты және салауатты өмір салтын насихаттау, студенттік бұқаралық спортты дамыту, студенттік спорт клубтарының қызмет аясын кеңейту болып табылатын;
• Патриоттық жобалар - студенттік ортада патриотизмді қалыптастыруға, Қазақстан тарихын насихаттауға, студенттік патриоттық клубтарды, студенттік іздеу отрядтарын дамытуға бағытталған;
• Білім сапасы - студенттерді Қ. Жұбанов атындағы АӨУ-де білім сапасын бағалау процесіне тартуға, үлгерімін арттыруға ынталандыру және студенттердің оқу қызметінің сапасын арттыру білім беру қызметтеріне бағытталған жобалар.
Байқау шарттарында жеке қатысу да, ұжымдық қатысу да қарастырылған.
Ұқсас конкурстарда, байқауларда, әртүрлі ауқымдағы іс-шаралар номинацияларында көтермелеуге ұсынылған жұмыстар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Жобалардың мазмұнына, құрылымына және рәсімделуіне қойылатын талаптар
Конкурсқа қатысушылар өтінім нысанын толтырып, әлеуметтік жобаның презентациясын ұсынуы қажет.
Презентация PowerPoint форматында дайындалуы (7 слайдтан аспауы керек) және келесі ақпаратты қамтуы керек:
• әлеуметтік жобаның атауы;
• әлеуметтік жобаның өзектілігі;
• әлеуметтік жобаның негізгі мақсаты;
• әлеуметтік жобаның нәтижесі.