Жұбанов университетіндегі студенттік өмір – білім беру процесінің маңызды бөлігі. Мұнда студенттер жан-жақты дамып, университеттің әлеуметтік, ғылыми және мәдени ортасына белсенді араласуға мүмкіндік алады.
Университетте Студенттік парламент жұмыс істейді, оның құрамында 3500-ден астам белсенді студент бар. Сонымен қатар студенттер ғылым, мәдениет, еріктілер және көшбасшылық бағыттарын қамтитын 25 студенттік клубтың мүшесі бола алады. Бұл олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және «Әділетті Қазақстанды» дамытуға үлес қосатын білікті маман ретінде жетілуіне ықпал етеді.
Студенттерге түрлі жеңілдіктер мен қолдау шаралары қарастырылған, бұл олардың сапалы білім алуына және оқу процесінен тыс белсенділік танытуына жағдай жасайды. Университеттің маңызды құрылымдық бөлімдерінің бірі – Денсаулық және салауаттылық орталығы. Бұл орталық топтық тренингтер, жеке кеңестер, психологиялық қолдау көрсетіп, ерекше жағдайдағы студенттерге көмектеседі.
Студенттік өзін-өзі басқару жүйесі факультеттер деңгейінде белсенді жұмыс істейді. Сонымен қатар студенттер спорттық жарыстар мен лигаларға қатысу арқылы дене шынықтырып қана қоймай, командалық жұмыс дағдыларын жетілдіреді.
Жұбанов университетінде студенттер тек білім алып қана қоймай, белсенді, жан-жақты тұлға ретінде қалыптасады!