Жұбанов университетіне қош келдіңіз!
Жұбанов университеті бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде сапалы білім алуға кең мүмкіндіктер ұсынады. Біз студенттердің жан-жақты дамуына және табысты мансап жолына қолайлы жағдай жасауды басты мақсатымыз деп білеміз.
Білім беру гранттары: Жыл сайын 1000-нан астам студент Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттарына ие болып, тегін білім алу мүмкіндігін алады. Ал ақылы бөлімде оқитын студенттер үздік академиялық жетістіктері үшін университет ұсынатын жеңілдіктерге үміткер бола алады.
Академиялық ұтқырлық: Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында Еуропа, Малайзия, АҚШ, Түркия, Қытай, Ресей, Беларусь және басқа да елдердің жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие.
Тәжірибеге бағытталған оқыту: Екінші курстан бастап студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіпорындарда, ғылыми зертханаларда және зерттеу жобаларында тағылымдамадан өтеді.
Қос дипломды білім беру: Жұбанов университеті серіктес жоғары оқу орындарымен бірлесіп, екі диплом алуға мүмкіндік беретін бірегей бағдарламаны ұсынады. Бұл түлектеріміздің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері: Жұбанов университетінің дипломы жұмыс берушілер тарапынан жоғары бағаланады, ал түлектеріміз жетекші компаниялар мен ұйымдарда табысты еңбек етуде.
Заманауи инфрақұрылым: Студенттеріміз үшін ыңғайлы оқу және тұрмыс жағдайлары жасалған. Smart-жатақхана заманауи жабдықтармен, кітапханалармен және Wi-Fi желісімен қамтамасыз етілген, бұл білім алу мен демалысқа қолайлы жағдай туғызады.
Жұбанов университеті – тек академиялық білім ордасы ғана емес, сонымен қатар жеке және кәсіби даму алаңы. Егер сіз сапалы білім алып, ғылым мен мәдениеттің қарқынды даму ортасында жетістікке жетуді қаласаңыз, біз сізді студенттеріміздің қатарында күтеміз!