Хериот-Уотт университеті Ақтөбе кампусының аға оқытушысы, PhD Мухағали Қаламбай Сеул қаласында (Оңтүстік Корея), Сеул ұлттық университетінде өтіп жатқан "IAU Symposium 398 / MODEST-25: Compact Stars and Binaries in Dense Star Clusters" атты халықаралық симпозиумға қатысуда. Аталған симпозиумда Dr. Қаламбай Мухағали AP19677351 нөмірлі «Жұлдыздық кластерлердің түзілуін және эволюциясын біріктірілген магнитті-гидродинамикалық және N-дене модельдеулері арқылы зерттеу» атты ғылыми жобасы аясында алынған зерттеу нәтижелерін ұсынады. Ғылыми жоба жұлдыздық шоғырлардың пайда болуынан бастап олардың …