14/10/2024
Психолог мамандардың біліктілігін арттыру бойынша семинар өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Психологиялық көмек: кім, кімге, не үшін және қанша?» тақырыбында дөңгелек үстел форматында семинар өтті. Іс-шараға тәжірибелі психолог-мамандар, сондай-ақ білім беру саласында жұмыс істейтін психологтар қатысты. Диалог алаңында мамандар педагог-психолог-ата-ана үштігінде жұмыс, бастапқы консультацияларды жүргізу, инклюзивті білім беру жүйесін дамыту, психологиялық технологияларды қолдану, психолог-мамандардың біліктілігін арттыру және қоғамның психологиялық сауаттылығын көтеру тақырыптары төңірегінде талқылады. Бұдан бөлек психологтар жұмыс барысындағы мәселелерімен бөлісіп, түрлі жағдайларды қарастырды. Іс-шараның басты …

Ары қарай оқу
11/10/2024
Студенттерге сапалы қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелері талқыланды

Бүгін Жұбанов университетінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарымен өзара тәжірибе алмасу мақсатында дөңгелек үстел өтті. Академиялық қызмет департаментінің директоры Сабырғали Бишекен студенттерге сапалы әрі жүйелі қызмет көрсетуді ұйымдастыру оқу орнының басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды.  Өз кезегінде Халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдері цифрлық қызметті арттыру, мобильді қосымшаларды тиімді қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ жиында әлеуметтік төлемдерге қатысты анықтамалар беру, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі …

Ары қарай оқу
10/10/2024
Жұбанов университетінде физика бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада басталды

Бүгін Жұбанов университетінде «Физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында XVI Республикалық пәндік олимпиада ашылуы өтті. Олимпиада ашылуында университет басшылығы еліміздің әр өңірінен келген білімді жастарға сәттілік тіледі. Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова бұл іс-шара жоғары оқу орындары арасындағы өзара тәжірибе алмасу екенін атап өтті. «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Куанышбек Шункеев олимпиаданың университет базасында өткізілуі кездейсоқ еместігін айтты. «Бұл университеттің …

Ары қарай оқу
10/10/2024
Жұбанов университетінің босаған білім беру гранттары жеңімпаздары белгілі болды

Жұбанов университетінің басшылығы босаған білім беру гранттары жеңімпаздарын құттықтады. Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова грант иегерлерін құттықтап, үміткерлерді іріктеу академиялық адалдық саясатына сәйкес ашық өткенін атап өтті. -Үміткерлерді іріктеу барысында білім алушының академиялық үлгерімі басты назарға алынды. Сіздер оқуда жоғары нәтиже көрсетіп, еңбектенгендеріңіздің арқасында осындай көрсеткішке қол жеткізіп отырсыздар. Алдағы уақытта одан да жоғары жетістіктерге жетуде бұл сіздерге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұдан бөлек, жақсы жаңалығымыз – жазғы семестрді …

Ары қарай оқу
09/10/2024
Zhubanov university-де Республикалық референдум нәтижелерін қолдау бойынша жиын өтті

Жұбанов университетінде сарапшы ғалымдардың қатысуымен республикалық референдум қорытындысын қолдауға арналған ғылыми кеңес отырысы өтті. Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Ақтөбе облысы халықтық штаб құрамында Жұбанов университетінің физика-математика, экология, энергетика және техника саласындағы ғалымдары АЭС-тің қауіпсіздігі, маңыздылығы жөнінде тиісті ақпараттық жұмыстар жүргізгенін атап өтті. Жиында ғалымдар АЭС құрылысына қатысты бірқатар мәселелер төңірегінде диалог алаңын құрып, өз ұсыныстарын білдірді. «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми-зерттеу орталығының …

Ары қарай оқу
09/10/2024
Шетелдік ғалым тәжірибесімен бөлісті

Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінің білім алушыларына Қазан Федералдық  университетінің «Ұлттық өнер дизайны»  кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Клара Караманова дәріс өткізуде. Екі аптаға жуық уақытқа созылатын іссапары барысында шетелдік ғалым бейнелеу өнері саласындағы тәжірибесімен бөліседі.  Бүгін Клара Караманованың қатысуымен семинар өтті. Онда ғалым контекстегі қатынас, кескіндемедегі композициялық ойлауды зерттеу процесіндегі мәселелер жөнінде талқылады. Жылы қабылдауларыңыз үшін университет басшылығына және факультет ұжымына ризашылығымды білдіремін. Бұл семинар сіздер үшін де, мен үшін …

Ары қарай оқу
07/10/2024
Zhubanov university оқытушысы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 1 қазандағы жарлығымен Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінің оқытушысы Азамат Қайдаров «Ерен Еңбегі үшін» медалімен наградталды.  Университет оқытушысына марапат V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде салтанатты түрде табысталды.  Айта кетейік, Азамат Қайдаров көшпенділер ойынында Қазақстан құрама командасы құрамында мангала спорт түрінен алтын медаль, жекелей сында қола медаль иеленген болатын.  Бұдан бөлек ол  - 2 дүркін Азия чемпионы, жастар арасында Азия чемпионы, Х …

Ары қарай оқу
07/10/2024
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі Жұбанов университетіне келді

Жұбанов университетіне Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Жамолиддинхужа Абдукаримов және консул Миртемир Ганиев келіп, университет басшылығымен кездесті.  Кездесуде тараптар қазақстандық жоғары оқу орындарымен Өзбекстанның оқу орындары арасындағы жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.  Университет ректоры Лаура Қарабасова меймандарды оқу орнының тарихы мен жетістіктерімен таныстырып, Жұбанов университеті Өзбекстанның бірқатар жоғары оқу орындарымен тығыз серіктестік байланыста екенін атап өтті. Одан әрі оқу орнының басшысы мәдени алмасулар және интернационализациялау …

Ары қарай оқу
31/05/2024
Жұбанов университетінде «Жұбанов CUP VI» республикалық пікірталас турнирі өтті

Турнир Қ.Жұбановтың 125 жылдығына орай «Заман біздікі» Интеллектуалды элиталар одағының ұйымдастыруымен өткізілді. Американдық-парламенттік және Линкольн-Дуглас форматтарында өткен ойынға республиканың түкпір-түкпірінен 14-35 жас аралығындағы 34 фракция, 68 спикер қатысты. Пікірсайысшылар Алматы, Атырау, Ақтау, Қостанай және Хромтау қалаларынан келді. Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Еркін Тастанқұлов сайыстың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан еліміздің әр өңірінен келген жастарға алғысын білдірді. Турнир нәтижесі бойынша “Матадор» фракциясы (NARXOZ University) бірінші орынды иеленді. Екінші орын …

Ары қарай оқу
31/05/2024
Жұбанов университетінің спортшылары Тоғызқұмалақтан өткен чемпионатта жеңімпаз атанды

Ақтау қаласында Тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасында классика және блиц түрінен Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа 180-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша классика түрінен Ақтөбе облысының ерлер командасы бірінші орынды иеленді. Команда құрамында Жұбанов университетінің «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Азамат Қайдаров және «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенттері Диас Жанбау мен Алмас Тілегенов жеңімпаз атанды. Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Ары қарай оқу