Ақтөбелік жастар облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қаланы екі айлық санитарлық тазалауға қатысуға шақыруын қолдады. Студент жастар арасынан құрылған бес жүзге жуық белсенділер мен еріктілер аймақ басшысымен бірге 12-шағын аудандағы Мәметова көшесіндегі саябақты қоқыстан тазартты. Шара соңында облыс әкімі белсенділерге алғыс хаттар табыс етті.
Ақтөбеге ресейліктердің жаппай ағылуы аясында еліміздің басқа өңірлеріндегі сияқты жалға берілетін тұрғын үй бағасы да айтарлықтай өсті. Салдарынан ондаған студент жалдамалы пәтерлерінен кетуге мәжбүр болды. Қиын жағдайға тап болған жастарға жергілікті жоғары оқу орындарының бірінде көмек көрсетілді. Оларға жатақханадан орын берілді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. 4 курс студенті Малика Штаконова Атыраудан. Ол болашақ дефектолог. Екі қызбен бірге облыс орталығының шетінен екі бөлмелі пәтер жалдап тұрдым. Алайда бірнеше күн бұрын …
«АМАНАТ» партиясы қалалық филиалы «Құрмет» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: «АМАНАТ» партиясының жаңа саяси тұғырнамасының жобасын талқылау, қалалық партия конференциясына қатысу үшін Құрмет бастауыш партия ұйымынан делегаттарды сайлау. «Құрмет» БПҰ құрамына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушыларынан 640 партия мүшесі кіреді. Жаңа саяси тұғырнама жобасын талқылау барысында Қ.Жұбанов атындағы АРУ ректорының көмекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сабыржан Мұхтаров қатысушылардың назарын …