Ғылым және Инновациялар департаментінің директоры
Сатбай Жайнар Избасарқызы
Байланыс телефоны: +7 (7132) 54-35-13 (жұмыс)
e-mail: szhainar@zhubanov.edu.kz
Ғылым және Инновациялар департаменті - университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін ұйымдастыру, үйлестіру, бақылауға бағытталған құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің қызметінің негізгі бағыттары:
- оқу және ғылыми процестердің бірлігін қамтамасыз ету, университеттің ғылыми және оқу-ғылыми бөлімшелерінің өзара іс-қимылын үйлестіру;
- университеттің оқу үдерісінің ғылыми компонентін жаңартуға, профессорлық-оқытушылық құрамның және студенттердің ғылыми және инновациялық қызметін жетілдіруге бағытталған ғылыми, ғылыми әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және қатысу;
- университет студенттерінің ғылыми шығармашылықтарға, инновациялық белсенділікпен қатысуын қамтамасыз ету;
- университеттің ғылыми және білім беру ұйымдарымен ғылыми байланыс орнату және дамыту;
- жетекші ғылыми, білім беру, зерттеу және инновациялық орталық ретінде Университеттің беделін көтеру;
- ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми зертханалардың, ғылыми орталықтардың, жас ғалымдар кеңесін, студенттік ғылыми қоғамдардың, ғылыми-техникалық кеңестің қызметін үйлестіру;
- университеттің инновациялық қызметін дамытуға жәрдемдесу және үйлестіру;
Іске асырылған ғылыми көпшілік жобалар:
SCIENCE.ARSU.KZ
Университет ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты мәліметтерді (мақалалар, монографиялар, диссертациялар және т.б.) басқару, есепке алу, талдау және моноторинг жүргізуді автоматтандыруға арналған SCIENCE.ARSU.KZ дерекқоры құрылды.
Міндеттері:
- университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет жағдайы туралы корпоративтік басқарудың бірыңғай дерекқорын құру;
- ғылыми-инновациялық қызметінің барлық қатысушыларының синхронды жұмысын автоматтандыру және ұйымдастыру;
- құжаттардың көлемін азайту және топтық (командалық) жұмысты үйлеструді жақсарту;
SCIENCE.S.ARSU.KZ
Университет білім алушыларының ғылыми-зерттеу жұмымына қатысты мәліметтерді басқару, есепке алу, талдау және моноторинг жүргізуді автоматтандыруға арналған SCIENCE.S.ARSU.KZ студенттік басылымдар дерекқоры құрылды.
SMART ARU МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ
Жүйе пайдаланушыларына барлық (ақпараттық, транзакциялық және интерактивтік) сервистерді интерактивті, ыңғайлы ұсынуды қамтамасыз етеді: «Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету орталығының сервистері; кітапхана қорының сервистері; емхана сервистері; оқу процесінің сервистері және басқа да сервистер.
«БАСҚАРУ ПАНЕЛІ» АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІ
Жүйенің мақсаты:
- Басшылық шешім қабылдауға ақпараттық-аналитикалық қолдау
- Көрсеткіштердің мониторингі және талдауы
- Ақпаратты ыңғайлы графикалық және картографиялық түрде ұсыну
БАЛАЛАР УНИВЕРСИТЕТІ
Балалар университеттің басты мақсаты – ғылымға қызықты да тартымды, түсінікті жолдармен жетуге болатынына балалардың көзін жеткізу.
Университет — орта және жоғары сынып оқушылардың қызығушылығын туғызатын, ата-аналарды бейжай қалдырмайтын тақырыптар арқылы ғылыми білімді дәріптеуге, қазіргі ғылым мен қоғамға арналған. Жаңа жоба бағдарламалау негіздерін, робототехника, бизнес, маркетинг, менеджмент, құқықтану, шығармашылық, психология және т.б жұмыс бағыттарын қамтиды.
ЖҰБАНОВ ЖЫЛЫЖАЙЫ
Мақсаты: білім алушылардың теориялық білімдерін тәжірибен ұштастырып, жылыжай кешенінде ғылыми зерттеулер жүргізу.
Міндеттері:
- ғылымның дамуында өсімдіктердің орны мен құндылығын дәріптеуде білім алушылардың білімін шыңдауға ықпал ету;
- өсімдіктерді арнайы жағдайларда өсіру процесін болжау, түсіндіру, қолдану және экономикалық, экологиялық тәрбие беру;
- жылыжайда тәжірибелік мақсатта тұқымнан егілетін көшеттер, сәндік гүлдер, көкөністер өсіріліп, күтіп баптау жұмыстары жүргізіледі;
- көшеттерді жылыжайда өсіріп, көгалдандыру мақсатында далаға отырғызу.
Ғылым және Инновациялар департаментінің ережесі