Бүгін Жұбанов университетінде 2024 жылдың қорытынды есебіне арналған Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті. Жиынға университет ұжымымен қатар, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, өңірге белгілі қоғам қайраткерлері, өндіріс орындарының бірінші басшылары және студенттер қатысты. Есептік кездесуде Басқарма Төрағасы-Ректор Лаура Қарабасова оқу орнының білім беру және ғылыми зерттеу жұмысы, инфрақұрылымы мен әлеуметтік мәселелері туралы баяндады. 2023-2024 оқу жылындағы негізгі нәтижелерді талдап, батыс өңіріндегі ең ірі университеттің келер жылдағы даму жоспарымен таныстырды. Биылғы жылы Жұбанов …