09/12/2024
Ақтөбеде ғалымдар «Көкжиде» кен орнына байланысты мәселені шешу жолдарын талқылады

5-6 желтоқсан күндері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы және «Самғау» ғылыми-техникалық инициативалар орталығының ұйымдастыруымен ғылыми-техникалық сессия өтті. Іс-шараға ғалымдар, сарапшылар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Энергетика министрлігінің, Ғылым комитеті мен Ғылым қорының өкілдері қатысты. – Бүгін біз ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен алтыншы ғылыми-техникалық сессияны өткіздік. Бұл жүйелі жұмыс ғылыми-техникалық қызметтің …

Ары қарай оқу
04/12/2024
Жұбанов университеті білім алушысының романы Лондонның «Алтын бұғы» сыйлығын иеленді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Филология» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Әлихан Жақсылықтың «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» атты романы Ұлыбританияның Hertfordshire Press Award-2024 халықаралық кітап сыйлығында «Алтын бұғы» жүлдесіне лайық деп танылды. – «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» романым қазақ оқырмандары арасында да үлкен қызығушылыққа ие. Бұл шығармада адамзат тарихы мен бүгінгі заман құндылықтары арасындағы қайшылықтар терең бейнеленген. «Алтын Бұғы» сыйлығы менің келесі ағылшын тіліндегі шығармаларымды жариялауға және …

Ары қарай оқу
03/12/2024
Zhubanov university-де Open day өтті

Бүгін Жұбанов университетінде мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні өтті. Бұл шараға қала мен аудан мектептерінен мыңға жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова бұл шараның жаңа оқу жылындағы алғашқы ашық есік күні екенін және алдағы уақытта мұндай шаралардың жалғасатынын айтты.  Оның айтуынша, бұл күн оқушылардың университет туралы толық мәлімет алуына мүмкіндік беру үшін диалог форматында өткізілген. Шара барысында қабылдау комиссиясының мамандары оқушылардың барлық сұрақтарына жауап …

Ары қарай оқу
03/12/2024
Ұлттық рух - ұлы құндылық

Бүгін Жұбанов университетінде «Ұлттық рух тұғыры» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл шара «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалі аясында ұйымдастырылып, қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын дәріптеу, ұлттық рухты нығайту мәселелерін талқылауға арналды. Конференцияға белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, тарихшылар және зиялы қауым өкілдері қатысып, ұлттық құндылықтарды зерттеу мен насихаттаудың маңыздылығын сөз етті.  Университет ректоры Лаура Қарабасова ғылыми қауымдастық ретінде университеттің ұлттық рухты зерттеу мен насихаттаудағы рөліне тоқталып, Жұбанов университетінің ғалымдарының бұл бағыттағы …

Ары қарай оқу
29/11/2024
Zhubanov university-де музей түні өтті

Құдайберген Жұбановтың 125 жылдығына арналған «Жұбанов жолы» музей түні Жұбанов университетінде ерекше форматта ұйымдастырылды. Бұл кеш ғалымның өмірі мен мұрасын ұлықтауға, оның ғылым мен мәдениеттегі рөлін тереңірек тануға бағытталды. Іс-шараның маңызды бөлігі – Құдайберген Жұбановтың өмірінің қиын-қыстау сәттерін бейнелейтін сахналық қойылымдар болды. Қатысушылар «Репрессия құрбандары әйелдерінің зары», «Бесеудің хаты» және «Қ. Жұбановтың тұтқындалуы» атты әсерлі қойылымдарды тамашалап, сол кезеңнің тарихи трагедиясын жан-жақты сезіне алды. Сонымен қатар, кеш қонақтарына университет мұражайын …

Ары қарай оқу
28/11/2024
Zhubanov university оқытушылары мен қызметкерлері жоғары марапатқа ие болды

Жұбанов университетінде өткен Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіби жетістіктерін атап өтетін жағымды жаңалықтармен басталды.  Жиында университет ректоры Лаура Қарабасова марапат иелерін құттықтап, олардың білім ордасының дамуына қосқан ерекше үлестерін және табысталған ғылыми дәрежелер мен марапаттардың маңыздылығын атап өтті. Атап айтсақ,  Айнұр Дүйсенова физика білім бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды. Күлзат Садирова тіл және әдебиет ғылыми бағыты бойынша «профессор» ғылыми атағына ие болды. Мейрамгүл Есенғұлова мен …

Ары қарай оқу