27/11/2024
Зорлық-зомбылықсыз әлем

Жұбанов университетінде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында «Денсаулық және салауаттылық» орталығының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылауға арналып, зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталды. Іс-шара барысында мамандар мен студенттер арасында ашық диалог орнады. Облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Маржан Корганбаева өз сөзінде өңірде жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарына тоқталды. Оның айтуынша, зорлық-зомбылық тақырыбы әлі де көп жағдайда жабық күйінде …

Ары қарай оқу
26/11/2024
Студенттер қатарына қабылдау

Студенттер қатарына қабылдау рәсімі – әрбір оқу жылының ең маңызды әрі есте қаларлық оқиғаларының бірі. 90 жылға жуық тарихы бар Жұбанов университеті жыл сайын мыңдаған түлекті үлкен өмірге қанат қақтырса, жаңа оқу жылы олардың орнын білімге құштар жаңа буынмен толықтырып отырады. Биыл университеттің 9 факультеті мен Хериот-Уотт кампусына 3500-ден астам студент қабылданып, олардың 1800-ге жуығы мемлекеттік грант иегері атанды. Бүгін университетте бірінші курс студенттерін ресми түрде студенттер қатарына қабылдау рәсімі …

Ары қарай оқу
25/11/2024
Жұбанов университетінде білім бағдарламалары аккредиттеуден өтуде

25-27 қараша аралығында Жұбанов университетінде 9 білім бағдарламасы Қазақстан Республикасының Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) тарапынан мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтуде. Бұл рәсім университеттің білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуға, сондай-ақ ұлттық және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Агенттік тарапынан тартылған отандық және шетелдік сарапшылар тобы бағдарламаларды жан-жақты талдауды қамтамасыз етеді. Аккредиттеуден өткен бағдарламалар жоғары білім беру нарығында «сенімді» деп танылып, түлектер тарапынан сұраныстың артуына ықпал етеді. Аккредиттеу рәсімінен …

Ары қарай оқу
25/11/2024
Қ.Жұбановтың 125 жылдығына орай Республикалық пікірсайыс турнирі өтті

23-24 қараша күндері Жұбанов университетінде Қ. Жұбановтың 125 жылдығына арналған республикалық пікірсайыс турнирі өтті. «Қ. Жұбанов – ғылым көгінің жарық жұлдызы» тақырыбымен ұйымдастырылған бұл іс-шара Құдайберген Жұбановтың ғылыми мұрасын насихаттау және жастардың ғылыми-танымдық қызығушылығын арттыру, сондай-ақ пікірсайыс мәдениетін дамыту мақсатын көздеді. Турнирге еліміздің Алматы, Шымкент, Астана, Орал, Ақтау, Атырау сынды қалаларынан 36-дан астам фракция қатысты. Қатысушылар Жұбановтың еңбектерін насихаттау, университетті дамыту, жасанды интеллекттің рөлі, қаржылық сауаттылық және Қазақстанның даму болашағы …

Ары қарай оқу
25/11/2024
Болашақ экологиясы: Жұбанов университетінде «Өзіңнен баста» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22 қараша күні Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мәңгілік Ел» залында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жастар арасында «Өзіңнен баста» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға студенттер, жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдері және қоғам белсенділері қатысты. Негізгі тақырып – жастардың экологиялық тәрбиесі мен қоршаған ортаға қамқорлық құндылықтарын насихаттау болды. Белгілі кәсіпкер және қоғам қайраткері Қайыржан Танатаров өз тәжірибесімен бөлісіп, «Таза Қазақстан» республикалық акцияларына қатысу аясында көктем мен күз мезгілдерінде жүздеген қарағай …

Ары қарай оқу
22/11/2024
Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Қазақстан Республикасының аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өтеді. Білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу рәсімі 2024 жылғы 25-27 қараша аралығында аралас форматта (on-line және of-line) өтеді. Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін білім бағдарламалары:  6B07203-Металлургия; 6B11301-Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; 6B02304-Филология: қазақ филологиясы; 6B05302-Химия; 7M07203-Металлургия; 7М02304-Филология; 7М01105-Педагогикалық өлшемдер; 7M07102-Органикалық заттардың химиялық технологиясы;  7М01401-Музыкалық білім. Аталған рәсімді агенттік тарапынан тартылған отандық …

Ары қарай оқу