07/11/2024
«Халық қазынасы» байқауында Жұбановшылар бірінші орын иеленді

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамындағы «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» бастауыш ұйымы Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп «Халық қазынасы» байқауын өткізді. Аталмыш байқауда «Жұбановшылар» командасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, 500 000 теңге көлеміндегі сертификат иеленді. Байқау үш кезеңнен тұрды. Жеребе арқылы таңдалған шығарма бойынша көрініс қою, берілген тақырыпты аша отырып, бейнеролик түсіру және сұрақтарға жауап беру. Үш кезеңнен сүрінбей өткен «Жұбановшылар» командасы қарсыластарынан басымдық танытты. Ақтөбе облысына белгілі қоғам қайраткерлері, ақын, жазушылар, …

Read more
07/11/2024
CARCEIT зерттеу тобы білім беру саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті

Жұбанов университетінде Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің CARCEIT зерттеу тобы 4-7 қараша аралығында профессор-оқытушыларға және магистранттар мен докторанттарға семинарлар мен шеберлік сағаттарын өткізуде. Спикерлер жоғары білім беру саласындағы өзекті тақырыптар бойынша мәселелерді талқылап, тәжірибелерімен бөлісті.  Профессор Ахмет Айпай сандық зерттеу дизайны  және білім беру саласында зерттеу жүргізудің тиімді тұстары жайында атап өтті.  Ол сандық зерттеудің мүмкіндіктері жөнінде баяндап, сондай-ақ деректерді талдау құралдары туралы айтты. Айта кетейік, Ахмет Айпай еліміздегі …

Read more
06/11/2024
Жұбанов университетінде бизнес инкубатор бағдарламасы іске қосылды

Жұбанов университетінде қызметкерлер мен өңірлік кәсіпкерлер үшін «Инновациялық стратегиялар және академиялық ортада бизнес дағдыларын дамыту» тақырыбында бизнес инкубатор бағдарламасы жүзеге асты. Қызметкерлердің кәсіпкерлік құзыретін арттыру, бизнес өкілдерімен өзара тәжірибе алмасу арқылы қызметкерлердің қолданбалы жобаларын әзірлеуге арналған іс-шара бір апта көлемінде өткізіледі.  Спикерлер жобада өзекті жеті бағыт бойынша тәжірибесімен бөліседі. Атап айтсақ, аталған шарада күйзеліссіз бизнес, эмоциялар мен мазасыздықты басқару, бизнесті тұрақты дамыту үшін ESG өзектілігі, команда құру, EQ-эмоционалды интеллект, бизнес-консалтинг …

Read more
05/11/2024
«Жұбанов тағылымы»: ұлы ғалымды еске алу

Биыл Батыс өңіріндегі жетекші жоғары оқу орны есімін иеленген белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбановтың туғанына 125 жыл толды. Осы атаулы күнге орай 1 қарашада Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде "Жұбанов тағылымы" атты ХІ Халықаралық ғылыми конференция өтті. Бұл ауқымды шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, университет ректоры Лаура Қарабасова, белгілі филолог ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және Жұбан әулетінің ұрпақтары қатысты. Қазақстан …

Read more
31/10/2024
Түлектер қара шаңырақта бас қосты

Бүгін Жұбанов университетінде жылы атмосфераға толы ерекше кездесу өтті. Қара шаңыраққа «Түлектер қауымдастығы» аясында  2000 жылдарда   Жастар ісіндегі комитет белсенділері болған 40-қа жуық оқу орнының түлектері бас қосты.  Түлектер бастамасымен ұйымдастырылған кездесудің негізі мақсаты – түлектер сабақтастығын орнату, университетпен байланысты нығайту.  Алдымен оқу орнының ғимараттарын аралаған түлектер университеттегі заманауи өзгерістерге оң бағаларын берді.  Университет ректоры Лаура Қарабасова оқу орнында сол кездегі оқытушылар, құндылықтар, миссия сақтала отырып, қазіргі таңда Жұбанов …

Read more
29/10/2024
Жастармен бірге өзекті мәселе талқыланды

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «БҰҰ-әйелдер құрылымы» қолдауымен жастарға арналған «OpenSoz Lectorium» ақпараттық пікір алмасу іс-шарасы өтті.  Шараға Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы" кеңсесі басшысының м.а Дина Амришева, Ақтөбе облысы бойынша "Әкелер Одағы" басшысы Руслан Қазыбаев, гір спортынан еңбек сіңірген спорт шебері, 13 дүркін әлем чемпионы Евгений Гончаров, OpenSöz білім беру дәрісханасының негізін қалаушы Динара Бисембина спикер ретінде қатысып, жастармен ашық алаңда гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, гендерлік теңдік мәдениетін ілгерілету мен …

Read more
29/10/2024
Жұбанов университетінде Республикалық пәндік олимпиада өтті

Бүгін Жұбанов университетінде «Арнайы педагогика» білім бағдарламасы бойынша XVI Республикалық  пәндік олимпиада өтті.  Пән олимпиадасының ашылу салтанатына университет басшылығы қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров бұл олимпиада тек білім жарысы ғана емес, студенттерге ғылыми байланыс жасау және тәжірибе алмасу алаңына айналатынына сенім білдірді.  Айта кетейік, өткен оқу жылы Жұбанов университетінің «Арнайы педагогика» білім бағдарламасының студенттері Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен Республикалық пәндік олимпиадада …

Read more
23/10/2024
Студенттер «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарушы директорымен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарушы директоры, «Endowment Qazaqstan Halqyna» қамқоршылық кеңесінің төрағасы София Айсағалиевамен кездесу өтті. Кездесуге қаламыздағы жоғары оқу орындары және Жұбанов университетінің «Қазақстан халқына» қорының білім беру гранты иегерлері қатысты. Кездесу барысында София Айсағалиева қоғамдық қор туралы айтып, грант иегерлерімен кездесудегі мақсатына тоқталды. «Біз грант бөлуде бірінші кезекте балалардың әлеуметтік жағдайына басымдық береміз. Сондықтан грант жеңімпаздарына қосымша талаптар қойылмайды. Бұл сіздерге берілген мүмкіндікті пайдаланып, жақсы …

Read more
23/10/2024
«Adal Urpaq» жастар форумы

25 қазан – Республика күніне орай Жұбанов университеті базасында «Adal Urpaq» жастар форумы өтті. Форумның мақсаты жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, буллинг пен лудоманияға қарсы иммунитет қалыптастыруға арналды. Форумға  қаламыздағы жоғары оқу орындарынан 800-ге жуық жастар қатысты. Спикерлер Ақтөбе қалалық прокуратура басшысы Берік Қыдырәлі және Ақтөбе қаласы полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Әсет Қалиев  жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жасалған шаралар бойынша ақпарат беріп, арнайы …

Read more
23/10/2024
Ұлттық мереке ұлықталды

Жұбанов университетінде 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты кешке университет басшылығы, ардагер ұстаздар, профессор-оқытушылар және білім алушылар қатысты. Жиында университет ректоры Лаура Қарабасова ұжымды Республика күнімен құттықтады. Оқу орнының басшысы ұлттық мереке Республика күнінің мәнін ашып, дәріптеудің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында  жоғары білім және ғылым саласына және университеттің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегі бағаланды. Университеттің бірқатар оқытушылары мен қызметкерлері Ақтөбе облысы әкімінің және «Аманат» …

Read more
21/10/2024
Zhubanov university білім алушысы Сoursera платформасында көрсеткен үздік нәтижесі үшін марапатталды

ҚР Ғылым және жоғары білім беру министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті және BMG UpSkill компаниясы бірлесе отырып, «Coursera» платформасында білім алушылардың үлгерімін талдау қорытындысы бойынша жазғы маусымда  жоғары нәтиже көрсеткен 15 білім алушыны  «ConnectEd 2024: Innovate.Educate.Elevate» конференциясында марапаттады. Марапатталушылар қатарында Жұбанов университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім бағдарламасының 2 курс магистранты Маралбек Саматов бар.   Айта кетейік, Маралбек Саматов техникалық қамтамасыз ету негіздері, Python …

Read more
21/10/2024
Түлектердің кездесуі: тәжірибе алмасу және жаңа идеялар

Жұбанов университетінде British Council, Cheavning Scholarships, Zhubanov University, Heriot-Watt University қолдауымен британдық жоғары оқу орындары түлектерінің кездесуі өтті. Жиынға 50-ден астам түлектер тәжірибе алмасу, студенттік жылдарды еске түсіру және өз идеяларымен бөлісу үшін жиналды. Кездесу пікірлес адамдармен байланыс орнатуға, жаңа кәсіби байланыстарды нығайтуға тамаша мүмкіндік алаңы болды. Айта кетейік, Ақтөбеде шетелдік жоғары оқу орнының 150-ге жуық түлегі тұрады. Олардың басым бөлігі мемлекет қолдауымен білім алған.

Read more