Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңды жүзеге асыру мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі жұмыс істейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу, сонымен бірге университет қызметінде сыбайлас жемқорлықты анықтау және болдырмау.
Комплаенс қызметінің жетекшісі: Мусюров Дархан Темірханұлы
Комплаенс қызметінің офицері: Қаржаубаев Нұрлан Сабырұлы
Ұсыныстар немесе кеңес алу бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық фактілері туралы хабарламамен Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263 мекенжайы бойынша университет әкімшілігінің ғимаратында орналасқан кеңсеге келсеңіз болады.
Онлайн байланысу үшін +7 707 737 19 35 ұялы телефон нөмірі мен WhatsApp мессенджеріне қоңырау шалып немесе хаттарыңызды compliance@zhubanov.edu.kz электронды поштасына жолдай аласыздар.
Қажет болған жағдайда хабарлама иесінің құпия сақталуына кепілдік беріледі.

Комплаенс қызметінің жетекшісі
Мусюров Дархан Темірханұлы

Комплаенс қызметінің офицері
Қаржаубаев Нұрлан Сабырұлы