Басқарма мүшесі, Стратегиялық даму жөніндегі проректор Дастан Хусаинов Fulbright халықаралық бағдарламасының қатысушысы Кристина Уэстбрукпен кездесті. Fulbright – Америка Құрама Штаттары Үкіметінің академиялық және мәдени алмасуды, халықаралық ынтымақтастықты және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытуға бағытталған ірі халықаралық білім беру бағдарламаларының бірі. Бағдарлама әлемнің 160-тан астам елінде жүзеге асырылады. Аталған бағдарламаның English Teaching Assistant (ETA) бағыты бойынша қатысушысы Кристина Уэстбрук университетте студенттермен және профессор-оқытушылар құрамымен өзара іс-қимыл орнатып, ағылшын тілі сабақтарына қатысады. …