
< 180
шетелдік студенттер
(2025 жылға)< 100
халықаралық серіктестер
(2025 жылға)3
тілдік курстар
(2025 жылға)35
шетелдік ғалымдар
(2025 жылға)Стратегиялык даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті - университеттің стратегиялық жоспарлауын және халықаралық процестерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін негізгі құрылымдық бөлімше.
Департаменттің басты миссиясы -университеттің халықаралық беделін нығайту, шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыстарды дамыту, әлемдік білім және ғылым кеңістігіне интеграциялану, сондай-ақ университеттің тұрақты даму стратегиясын іске асыру.
Негізгі қызмет бағыттары
- университеттің стратегиялық мақсаттарын жоспарлау, үйлестіру және олардың орындалу барысына мониторинг жүргізу;
- халықаралық ынтымақтастықты дамыту, академиялық бағдарламаларды (халықаралық академиялық ұтқырлық, қос дипломды білім беру, Erasmus+ бағдарламасы, шетелдік ғалымдарды тарту) жүзеге асыру;
- университеттің халықаралық рейтингтердегі (мысалы, QS Rankings және басқа да) позициясын нығайту;
- халықаралық жобаларды, конференциялар мен ғылыми-білім беру іс-шараларын ұйымдастыру;
- шетелдік серіктестермен, дипломатиялық өкілдіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара тиімді байланыс орнату.