Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде қазақ тіл білімінің іргетасын қалауға зор үлес қосқан Құдайберген Жұбановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Жұбанов тағылымы» атты халықаралық ХІ конференция өтті. 38 жасында жазықсыз жала құрбаны болған ғалым ҚазПИ-де кафедра меңгерушісі, КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының тіл, әдебиет секторы жетекшісі, халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесі және әдістемелік – авторлық оқулықтар секторының меңгерушісі, Ұлт мәдениетін зерттеу институтының ғылыми кеңесі мүшесі және тілтану бөлімінің меңгерушісі, …