09/11/2026
Адам саудасы мен киберұрлықтың алдын алуға арналған профилактикалық кездесу өтті

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында адам саудасы мен киберұрлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге Ақтөбе облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілдері, полиция подполковниктері Олжас Оспанов пен Асқар Иманов, сондай-ақ «Дәріс-2016» қоғамдық қорының атқарушы директоры, ҚР ІІМ-нің адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мүшесі Гүлнұр Идигеева қатысты. Кездесу барысында мамандар адам саудасының түрлері, …

Ары қарай оқу
09/11/2026
Студенттерге – жаңа мүмкіндік, білімге – жол! 🎓

Білімге қолжетімділікті арттыру және талантты жастарды қолдау – Жұбанов университетінің басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта 2026–2027 оқу жылында университет пен әлеуметтік серіктес компаниялар білім алушыларға оқу ақысы бойынша жеңілдіктер ұсынып, жастарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Атап айтқанда, университет тарапынан 191 білім алушыға оқу ақысы бойынша жеңілдіктер берілді. Жеңілдіктер 100%, 50%, 35%, 25% мөлшерінде, сондай-ақ 100 000–150 000 теңге көлемінде ұсынылды. Бұл – жастардың сапалы білім алуына, кәсіби әлеуетін дамытуына және …

Ары қарай оқу
06/11/2026
Жолдау және жастар: жаңа мүмкіндіктер мен ортақ жауапкершілік

Жастардың ел болашағындағы рөлі, азаматтық белсенділік және мемлекеттік саясаттың басым бағыттары – университет қабырғасында өткен TED-style пікір алаңының негізгі тақырыбына айналды. 5 қараша күні Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Ғылыми кітапханасында «Жолдау және жастар: жаңа мүмкіндіктер, ортақ жауапкершілік» тақырыбында TED-style форматындағы пікір алаңы ұйымдастырылды. Басқосуда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басым бағыттар, жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер және жас буынның ел дамуына қосатын үлесі кеңінен талқыланды. Кездесудің басты мақсаты …

Ары қарай оқу
06/11/2026
Жұбанов университетінде инклюзивті білім беру бойынша халықаралық бағдарлама өтті

2–6 қараша аралығында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хериот-Уатт халықаралық кампусында профессор-оқытушылар құрамына арналған 80 сағаттық «Promoting and Sustaining Inclusive Higher Education Systems» біліктілікті арттыру бағдарламасы өтті. Бағдарлама аясында кампустың 20 оқытушысы кәсіби біліктілігін арттырды. Бағдарламаны Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі әзірледі. Офлайн дәрістер мен практикалық сабақтарды өткізу үшін Ақтөбеге қауымдастырылған профессор Сурап Мукхопадхьяй арнайы келді. Сонымен қатар бағдарламаға Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің сарапшылары қатысты: ▪️ …

Ары қарай оқу
05/11/2026
Жұбанов университеті халықаралық әріптестік байланыстарын кеңейтуде: Хорватия елшісімен кездесу өтті

Бүгін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Хорватия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рефик Шабанович бастаған делегациямен ресми кездесу өтті. Делегация құрамында дипломат Йосип Саламунович, ORBICO компаниясының өкілі және Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Асхат Әбдірахманұлы Айтжанов болды. Кездесу барысында университет басшылығы оқу орнының институционалдық даму басымдықтарын, ғылыми-зерттеу әлеуетін, білім беру бағыттарын және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі стратегиялық бастамаларын таныстырды. Сонымен қатар мәртебелі мейман университет кампусын аралап, заманауи …

Ары қарай оқу
04/11/2026
Халықаралық бәсекедегі жаңа нәтиже: Жұбанов университеті 100 позицияға көтерілді

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті QS Asia University Rankings халықаралық рейтингіндегі көрсеткішін жақсартып, 2026 жылы 678-орынға тұрақтады. Өткен жылы университет 781-орыннан көрінген болатын. Осылайша, бір жыл ішінде 100-ден астам позицияға жоғарылады. Биыл рейтингке қатысқан жоғары оқу орындарының саны да артқан. 2025 жылы рейтингке 1500 университет енсе, биыл олардың саны 1722-ге жетті. Бұл халықаралық академиялық кеңістіктегі бәсекенің күшейе түскенін көрсетеді. Бұл нәтиже – университет ұжымының жүйелі жұмысы мен ортақ мақсат …

Ары қарай оқу
04/11/2026
Экологиялық мәдениет – таза болашақтың негізі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Экологиялық тәрбие – таза болашақ кепілі» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Университеттің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға экология саласының мамандары қатысып, студенттермен қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің бас маманы, мемлекеттік экологиялық инспектор Гүлзат Нурушева жастардың табиғатты қорғау бастамаларына белсенді қатысуының маңызын атап …

Ары қарай оқу
04/11/2026
Жұбанов университеті Өзбекстанмен ғылыми және академиялық байланыстарды нығайтады

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Орталық Азия – білім, ғылым және инновациялардың жаңа кеңістігі» атты Халықаралық білім беру форумы өтті. Басқосу өңірдегі біртұтас білім беру және ғылыми кеңістікті дамытудың перспективаларын талқылау мақсатында мемлекеттік органдардың, академиялық қауымдастықтың және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Іс-шараға Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның білім және ғылым министрліктерінің басшылары, Қазақстан мен Қырғызстанның вице-министрлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми мекемелердің өкілдері, сондай-ақ Түркия, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Ресей, Польша, Грузия, Әзербайжан, …

Ары қарай оқу
04/11/2026
GPA 3,33 және одан жоғары түлектерге арналған «Tulek» порталы іске қосылды

GPA көрсеткіші 3,33 және одан жоғары түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу үшін «TULEK» порталы арқылы бос жұмыс орындарына өтінім бере алады. Өтінім беру eqyzmet.gov.kz жүйесі арқылы жүзеге асырылады.  Толық ақпарат: 8 (7132) 74-77-73

Ары қарай оқу
04/11/2026
Жолдаудың басым бағыттары талқыланды

«Әділет» партиясының өкілдері Жұбанов университетінің студенттерімен «Bir Tolqynda» жобасы аясында кездесті. Кездесуде Жолдауда айқындалған негізгі басымдықтар талқыланып, ел дамуының маңызды бағыттары мен жастарға берілетін мүмкіндіктер туралы айтылды. Іс-шараға партияның облыстық филиалының төрағасы Қазыбек Әлішев, қалалық филиалының төрағасы Анар Даржанова, университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нарқозы Қартжан және «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әлішер Тыныштық қатысты. Қазыбек Әлішев өз сөзінде Жолдауда көтерілген «Халықтық құрылыс» бағдарламасына, ауыл шаруашылығын …

Ары қарай оқу
04/11/2026
Жұбанов университетінің білім алушысы «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері атанды

Жұбанов университетінің білім алушысы, облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі Мейрамгүл Сатаева «Үркер-2026» ұлттық сыйлығының иегері атанды. Астанада өткен Astana Media Week аясында «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау қорытындысы бойынша Мейрамгүл Рахатқызының «Жасанды интеллект: адамзат жаңа дәуірге аяқ басты» атты мақаласы «Жылдың үздік материалы» номинациясында үздік деп танылды. Биыл байқауға 12 номинация бойынша 600-ден астам өтінім түскен. Оның ішінде «Тұмар-2026» ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары 6 номинация бойынша, …

Ары қарай оқу
04/11/2026
Жастар және қауіпсіз қоғам

Жұбанов университетінде «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында облыс жастарының қатысуымен «Жастар және қауіпсіз қоғам» атты кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттау. Кездесу барысында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Буранбаев киберқауіпсіздік мәселелеріне тоқталып, жастарға интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлерден қорғану жолдарын түсіндірді. Ал Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің …

Ары қарай оқу