22/10/2026
Zhubanov Cup VIII республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті

Зияткерлік дода барысында қатысушылар шешендік өнерін, сыни ойлау қабілетін, дәлелді пікір айту және өз ұстанымын сауатты қорғау шеберлігін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша Альфа және Бета лигаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Бета лигасының нәтижелері: I орын — «Аттила» фракциясы * Шәкір Азамат * Қалдыбай Рауан II орын — «Аружан балапандары» фракциясы * Рахметқызы Жұлдызай * Жолмуханбетова Нұрай III орын — «Бұйырғаны» фракциясы * Айболат Гүлім * Мырзабай Ақтолқын III орын — …

Ары қарай оқу
22/10/2026
Ақтөбеде еліміздегі ең ауқымды өңірлік пікірсайыс турнирлерінің бірі басталды

Университетімізде «Zhubanov CUP VIII» республикалық пікірсайыс турнирі басталды. Екі күнге созылатын зияткерлік сайысқа еліміздің 14 облысындағы 19 жоғары оқу орнынан 140-тан астам жас қатысып, 72 фракция бақ сынайды. «Озық ойлы ұлт: құқық, білім және технология» тақырыбындағы турнирде жасанды интеллект, білім беру, технологиялық даму және қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланады. Биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отырған турнир жастардың сыни ойлау қабілетін, шешендік шеберлігін және дәлелді пікірталас мәдениетін дамытуға бағытталған. Турнирдің жалпы жүлде қоры …

Ары қарай оқу
22/10/2026
Қауіпсіз цифрлық орта – жауапты қоғам кепілі

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Жұбанов университетінде «Қауіпсіз цифрлық орта – жауапты қоғам кепілі» атты облыстық форум өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, киберқауіптерден сақтану мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз цифрлық ортаны дамытуға ықпал ету. Форумға өңірдің жоғары оқу орындарының студенттері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Жиында Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Темірлан Сыдықов, Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Жадан Бисенбин, Ақтөбе …

Ары қарай оқу
22/10/2026
Жұбанов университетінің кітапханасы Қытайдың таңдаулы кітаптарымен толықты

Жұбанов университетінде «Жібек жолы кітап үйі — Қытай кітап сөресі» жобасының ашылу рәсімі өтті. Жаңа кітап сөресі Қытайдың тарихы, мәдениеті мен әдебиетін танытатын кітаптарды университеттің білім алушылары мен оқытушыларына қолжетімді етуге бағытталған. Салтанатты іс-шараға Қытай Халық Республикасының Ақтөбе қаласындағы Бас консулдығының Бас консулы Гуо Юй, SINOPEC компаниясының Ресей және Орталық Азиядағы өкілдігінің бас өкілінің орынбасары Фан Сяннань, Жұбанов университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор м.а. Жайық Сұлтан және университет өкілдері қатысты. …

Ары қарай оқу
08/10/2026
Ғылымға арналған ғұмыр: профессор Жайшылық Сартабановтың монографиялары таныстырылды

Жұбанов университетінде физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғалымы Жайшылық Алмағанбетұлы Сартабановтың ғылыми монографияларының тұсаукесері өтті. Жайшылық Сартабановтың университеттегі еңбек жолы 60 жылды қамтиды. Осы жылдар ішінде ғалым білім беру мен ғылым саласында жемісті еңбек етіп, математика ғылымының дамуына, ғылыми кадрлар даярлауға және университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосты. Бүгінде профессор – Математика бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы. Іс-шарада сөз сөйлеген Ғылым …

Ары қарай оқу
08/10/2026
Жұбанов студенті – халықаралық олимпиада жеңімпазы

Красноярск қаласында (Ресей Федерациясы) Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі VI халықаралық олимпиада өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша Жұбанов университетінің Экономика және құқық факультетінің 3-курс студенті Айшолпан Аманқосова «Құқықтану» бағыты бойынша І орын иеленді. Халықаралық додаға 45-тен астам елден 700-ге жуық студент қатысты. Қазақстан құрамасы да Қаржылық мониторинг агенттігінің қолдауымен олимпиадаға қатысып, оның сапына Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық олимпиаданың жеңімпаздары енді. Айшолпан Аманқосова — Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы, Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстанның 8 …

Ары қарай оқу