Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасады. Құжатқа университет ректоры Лаура Қарабасова және департамент бастығы, полковник Қахарман Оразалин қол қойды. Меморандумның негізгі мақсаты – құқық саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, студенттердің кәсіби тәжірибесін кеңейту және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысын арттыру. Ынтымақтастық аясында оқу процесін тәжірибемен ұштастыру, жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту және кәсіби дағдыларды жетілдіруге бағытталған бастамалар жүзеге асырылмақ. Құжат …