Қазақстан бойынша ұйымдастырылған Study in Kazakhstan жоғары білім беру көрмесі сәтті қорытындыланды. Ауқымды жоба талапкерлерге жоғары білім алу мүмкіндіктерін кеңінен таныстыруға бағытталып, қысқа мерзім ішінде елдің барлық өңірлерін қамтыды. Көрме 2026 жылғы 7-25 сәуір аралығында өткізіліп, 14 елді мекенді қамтыды. Атап айтқанда, іс-шаралар Астана, Павлодар, Семей, Өскемен, Алматы, Қаскелең, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ұйымдастырылып, 6 000 шақырымнан асатын аумақты қамтыды. Өткен жылмен салыстырғанда жобаның …