26/12/2024
Жұбанов университетінде 3D моделдеу шеберханасы ашылды

Бүгін Жұбанов университетінде Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мұса Шаштығарин атындағы 3D моделдеу шеберханасының ашылу рәсімі өтті. Бұл маңызды оқиғаға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ Мұса Шаштығариннің туыстары мен достары қатысты. Университет ректоры Лаура Қарабасова оқу орнында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Мұса Шаштығариннің университеттің мәдени өмірінің дамуына қосқан өлшеусіз еңбегін атап өтті. Сонымен қатар, ол өнер мен ғылымды ұштастырған ғалымның мұрасына арналған 3D моделдеу шеберханасының ашылуы …

Read more
25/12/2024
Жыл қорытындысы: 2024 жылғы жетістіктер мен нәтижелер

Бүгін Жұбанов университетінде 2024 жылдың қорытынды есебіне арналған  Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті. Жиынға университет ұжымымен қатар, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, өңірге белгілі қоғам қайраткерлері, өндіріс орындарының бірінші басшылары және студенттер қатысты.  Есептік кездесуде Басқарма Төрағасы-Ректор Лаура Қарабасова оқу орнының білім беру және ғылыми зерттеу жұмысы, инфрақұрылымы мен әлеуметтік мәселелері туралы баяндады. 2023-2024 оқу жылындағы негізгі нәтижелерді талдап, батыс өңіріндегі ең ірі университеттің  келер жылдағы даму жоспарымен таныстырды. Биылғы жылы Жұбанов …

Read more
23/12/2024
Кітапханада өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары іске қосылды

Жұбанов университетінің кітапханасында соңғы жылдары үлкен өзгерістер мен жетілдірулер жүзеге асты. Оқу, зерттеу және демалуға арналған заманауи кеңістіктер құрылып, кітапхананың физикалық инфрақұрылымы жаңартылды. Сонымен қатар, кітапханалық процестерді автоматтандыру бағытында да көптеген жұмыстар атқарылды. Осы ауқымды өзгерістердің бірі ретінде техникалық факультет пен бас ғимарат кітапханаларына өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары орнатылды. Бұл терминалдардың басты ерекшелігі — оқырмандарға кітапхана қызметтерін жылдам әрі ыңғайлы пайдалану мүмкіндігін береді. Мобильді оқырман билеті арқылы оқытушылар мен студенттер …

Read more
20/12/2024
Zhubanov Quiz

Бүгін Жұбанов университетінде көрнекті ғалым Құдайберген Жұбановтың 125 жылдығына арналған «Zhubanov Quiz» интеллектуалдық ойыны өтті. Іс-шараға университет оқытушылары, қызметкерлері және студенттері белсене қатысты. Қатысушылар ғалымның өмірі, ғылыми еңбектері мен жетістіктері туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынға салды. Ойын тек білімдерін сынау мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар, командалық жұмыс, ынтымақтастық пен сыни ойлау қабілеттерін дамыту алаңына айналды. «Zhubanov Quiz» Құдайберген Жұбановтың ғылыми мұрасын қайта зерделеуге, оны жаңа қырынан тануға және …

Read more
20/12/2024
Тұғыры биік тұлға

Бүгін Құдайберген Жұбановтың туған күніне орай университетте мазмұнды іс-шара өтті. Жұбан әулетінің өкілдері университетке келіп, ғалымның рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар Құдайберген Жұбановқа арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеде ғалымның өмірінен сыр шертетін сирек фотосуреттер, оның анасы, жұбайы, туыстары мен достарының бейнелері ұсынылды. Заманауи технологияның көмегімен QR код арқылы көрме келушілері ғалымның өмірбаяны мен ғылыми мұрасын тереңірек танысу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, көрмеде университеттің шығармашыл студенттерінің туындылары орын …

Read more
20/12/2024
Жұбанов университетіне Өзбекстанның Қазақстандағы Елшісі бастаған делегация келді

Бүгін Жұбанов университетіне Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимов бастаған делегация келді. Делегация құрамында Өзбекстан Республикасы Туризм комитетінің Ұлттық туристік өнімдерді маркетингтік зерттеу және ілгерілету бөлімінің басшысы Азиз Мирджалилов, Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Жамолиддин Абдукаримов және Елшіліктің сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ислом Орифжонов бар. Алдымен делегация университет басшылығымен кездесу өткізіп, Қазақстан мен Өзбекстан жоғары оқу орындары арасындағы ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін …

Read more
17/12/2024
Heriot-Watt University соңғы жетістіктері туралы

Жұбанов университетінің серіктесі Heriot-Watt University соңғы зерттеулері мен инновациялары және жетістіктері туралы дайджест жариялады. Heriot-Watt - 1821 жылы құрылған Ұлыбританиядағы ең көне техникалық университет. Естеріңізге сала кетейік, британдық жетекші университеттің кампусы Жұбанов университеті базасында 2023 жылы ашылған болатын. Қазіргі таңда Ақтөбедегі кампуста өңірдің сұранысына сай «Компьютерлік инженерия», «Электр энергетикасы», «Мұнай инженериясы және энергоменеджмент» білім беру бағдарламалары бойынша 500-ге жуық студенттер оқиды. Heriot-Watt University соңғы жетістіктері мен жаңалықтарымен танысу үшін оның …

Read more
17/12/2024
Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ

Жұбанов университетінде "Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ" атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Мақсат Абекенов, ҚР ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Жалпы заң пәндері» кафедрасының аға оқытушысы Айнұр Әбілова, университеттің комплаенс-қызметінің офицері Нұрлан Қаржаубаев, сондай-ақ профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты. Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сондай-ақ …

Read more
17/12/2024
Әлихан Жақсылық «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иеленді

Жұбанов университетінің "Филология" білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Әлихан Жақсылық "Әдебиет" номинациясы бойынша "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын иеленді. Бұл беделді марапат жыл сайын ғылым, шығармашылық, спорт, қоғамдық қызмет және өзге де салаларда ерекше табыстарға қол жеткізген талантты жастарға табысталады. Әлихан ұлттық әдебиетті дамытуға қосқан үлесімен ерекшеленіп, шығармашылық әлеуетін дәлелдеді. Әлихан Жақсылықты жоғары дәрежелі мемлекеттік марапатымен құттықтап, шығармашылық шабыт тілейміз!

Read more
17/12/2024
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Ақтөбе тұрғындарымен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Халықпен кездесуде вице-министр отандық ғылым мен жоғары білім саласындағы реформаларды, қол жеткізілген нәтижелерді, сондай-ақ алдағы жоспарлар туралы баяндады. Ол министрлік тарапынан білімді жастарды қолдауға және  ғылымды дамытуға баса назар аударылып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар өз баяндамасында 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту жоспарының негізгі бағыттарын …

Read more
09/12/2024
Ақтөбеде ғалымдар «Көкжиде» кен орнына байланысты мәселені шешу жолдарын талқылады

5-6 желтоқсан күндері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы және «Самғау» ғылыми-техникалық инициативалар орталығының ұйымдастыруымен ғылыми-техникалық сессия өтті. Іс-шараға ғалымдар, сарапшылар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Энергетика министрлігінің, Ғылым комитеті мен Ғылым қорының өкілдері қатысты. – Бүгін біз ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен алтыншы ғылыми-техникалық сессияны өткіздік. Бұл жүйелі жұмыс ғылыми-техникалық қызметтің …

Read more
04/12/2024
Жұбанов университеті білім алушысының романы Лондонның «Алтын бұғы» сыйлығын иеленді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Филология» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Әлихан Жақсылықтың «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» атты романы Ұлыбританияның Hertfordshire Press Award-2024 халықаралық кітап сыйлығында «Алтын бұғы» жүлдесіне лайық деп танылды. – «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» романым қазақ оқырмандары арасында да үлкен қызығушылыққа ие. Бұл шығармада адамзат тарихы мен бүгінгі заман құндылықтары арасындағы қайшылықтар терең бейнеленген. «Алтын Бұғы» сыйлығы менің келесі ағылшын тіліндегі шығармаларымды жариялауға және …

Read more