Бүгін университетте профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасында өткізілген дәстүрлі спартакиаданың жабылу салтанаты өтті. Биылғы спартакиада 8 спорт түрі бойынша ұйымдастырылды: ату жарысы, шахмат, тоғызқұмалақ, дартс, үстел теннисі, стритбол, шағын футбол, сондай-ақ қыздар мен ерлер арасында волейбол. Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Еркін Тастанқұлов спартакиаданың басты мақсаты бұқаралық спортты насихаттау ғана емес, сондай-ақ ұжым арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайту екенін атап өтті. Жарыста факультеттер мен әкімшіліктен барлығы 230-ға жуық қатысушы командалық …