Жұбанов университетінде өткен Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіби жетістіктерін атап өтетін жағымды жаңалықтармен басталды. Жиында университет ректоры Лаура Қарабасова марапат иелерін құттықтап, олардың білім ордасының дамуына қосқан ерекше үлестерін және табысталған ғылыми дәрежелер мен марапаттардың маңыздылығын атап өтті. Атап айтсақ, Айнұр Дүйсенова физика білім бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды. Күлзат Садирова тіл және әдебиет ғылыми бағыты бойынша «профессор» ғылыми атағына ие болды. Мейрамгүл Есенғұлова мен …