17/01/2025
Профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасында өткен спартакиада мәресіне жетті

Бүгін университетте профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасында өткізілген дәстүрлі спартакиаданың жабылу салтанаты өтті. Биылғы спартакиада 8 спорт түрі бойынша ұйымдастырылды: ату жарысы, шахмат, тоғызқұмалақ, дартс, үстел теннисі, стритбол, шағын футбол, сондай-ақ қыздар мен ерлер арасында волейбол. Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Еркін Тастанқұлов спартакиаданың басты мақсаты бұқаралық спортты насихаттау ғана емес, сондай-ақ ұжым арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайту екенін атап өтті. Жарыста факультеттер мен әкімшіліктен барлығы 230-ға жуық қатысушы командалық …

Read more
10/01/2025
Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталының құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Бүгін  мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталының құрметіне арналған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті. Тақта ғалымның өмір сүрген үйі – 12 шағын аудандағы №21 үйде ашылды. Рәсімге Ақтөбе облысы әкімдігі, Ақсақалдар кеңесі, университет басшылығы, профессор-оқытушылар және Амангелді Айталының туыстары қатысты. Іс-шара барысында ғалымның елеулі еңбектері мен кең ауқымды қоғамдық қызметі ерекше атап өтілді. Университет ректоры Лаура Қарабасова профессордың университет ғылымын дамытудағы өлшеусіз үлесіне тоқталып, бар өмірін …

Read more
08/01/2025
Жұбанов университетінің спортшысы әлемдік додада бақ сынайды

Жұбанов университетінің студенті Ернұр Бексұлтан 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында өтетін ХХХІІ Дүниежүзілік Универсиадада Қазақстанның намысын қорғайды. Қазақстан бойынша 120 спортшының ішінен іріктелген ең мықты 12 спортшының қатарында Ернұр Бексұлтан да әлемдік додаға жолдама алды. Ол  қазақтың жас шаңғышысы ретінде танымал. Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионаттарының қатысушысы.  Ернұр Бексұлтанға әлемдік додада сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдіреміз!

Read more
08/01/2025
Рецензияланатын халықаралық басылымдарда мақала жариялау тәжірибесімен бөлісті

6-10 қаңтар аралығында Жұбанов университетінде университеттің жетекші профессорлары оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерге арналған дәрістер өткізуде. Бүгін алғашқылардың бірі болып, PhD, қауымдастырылған профессор Гульжана Кузембаева «Рецензияланатын халықаралық басылымдарда мақала жариялау» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында профессор рецензияланатын халықаралық басылымдарда мақала жариялау үдерісі туралы өз тәжірибесімен бөлісіп, осы салада жиі кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, профессор мақала жариялаудың алғашқы кезеңдерінде журналдың бағыт-бағдарын анықтаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл қадам …

Read more
06/01/2025
Мәжіліс депутаттары Жұбанов университетінің профессор-оқытушыларымен кездесті

Бүгін Жұбанов университетіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жұлдыз Сүлейменова мен Қазыбек Әлішев келіп, университеттің профессор-оқытушылар құрамымен маңызды кездесу өткізді. Кездесу барысында отбасылық құндылық, жастарды еңбекке баулу және білім беру саласындағы тәрбие мәселелері кеңінен талқыланды. Жұлдыз Сүлейменова өз сөзінде интеллектуалдық құндылықтардың маңыздылығын атап өтіп, адамның өміріндегі табыс әлеуметтік жағдайға емес, ең алдымен білім мен еңбекке деген ұмтылысқа байланысты екенін айтты. Сонымен қатар, табысқа жету жолында табандылық, еңбекқорлық, кітап оқу, жаңашылдық …

Read more
06/01/2025
Қысқы мектеп – 2025: Жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беруді тиімді ұйымдастыру

2025 жылдың 5-10 қаңтары аралығында Жұбанов университетінде дәстүрлі қысқы мектеп өтуде. Іс-шараға профессор-оқытушылармен қатар менторлар да қатысуда. Биылғы шараның басты тақырыбы – жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беруді тиімді ұйымдастыру. Қысқы мектептің ашылу рәсімінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл тек біліктілікті арттыру алаңы ғана емес, сонымен қатар оқытушылар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігін туғызатын маңызды шара екендігін атап өтті. Айта кету керек, инклюзивті білім беру саласын …

Read more