Home page > Ads > Жазғы семестрге қатысуға өтініштер қабылданады
4
Жазғы семестрге қатысуға өтініштер қабылданады

Жазғы семестрге қатысуға өтініштер 2025 жылы 5-23 мамыр аралығында  SMART ARSU мобильдік қосымшасы арқылы қабылданады.

Жазғы семестр ақылы негізде ұйымдастырылады және білім алушыларға жазғы семестр пәндерінің кредиттеріне 100% ақысы төленгеннен кейін рұқсат беріледі.

SMART ARSU мобильді қосымшасы арқылы жазғы семестрге қатысуға өтініш беру:

  • «SMART ARSU» мобильді қосымшасы;
  • «СТУДЕНТ» рөлінде кіру;
  • «СҚКО» батырмасына кіру;
  • «Жазғы семестрге қатысуға өтініш» таңдау;
  • көрсетілген ұяшықтарды толтыру (кредиттер саны көрсетілген пәндердің атаулары), кредитке төленген түбіртекті тіркеу және «ЖІБЕРУ»;
  • өтінішті негізгі мәзірдегі «МЕНІҢ ӨТІНІШТЕРІМ» батырмасынан бақылау;
  • өтінішті қабылдамаған жағдайда себебін білу үшін ПІКІРДІ (комментарий) ашып қарау;
  • қажет болған жағдайда өтінішті қайта беру. 

Сұрақтар бойынша 8 (7132) 562896, 8 708 4716548 нөмірлеріне хабарласыңыз.