Бүгін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Эскишехир Османгази университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті Түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Ердоған Боздың қонақ дәрісі өтті. «Қазақ және түрік тілдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары» тақырыбындағы дәріс туыстас екі тілдің салыстырмалы зерттелуіне арналды. Кездесу барысында тілдердің ортақ белгілері, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері, сондай-ақ тарихи даму заңдылықтары сөз болды. Профессор Ердоған Боздың ғылыми зерттеу бағыттары түрік тілінің тарихын, тіл білімін, лексикографияны және тіл …