Home page > Ads > Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті инвесторларды ынтымақтастыққа шақырады
4
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті инвесторларды ынтымақтастыққа шақырады

Құрметті серіктестер мен инвесторлар!

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті әлеуметтік-маңызы бар білім беру жобасы — 500 орындық студенттер жатақханасының құрылысын іске асыру мақсатында мүдделі инвесторларды іздеу басталғанын хабарлайды.

Мемлекеттік студенттік жатақханалар құрылысын ынталандыру бағдарламасы аясында (операторы – «Қаржы орталығы» АҚ), инвестор осы оператормен келісімшарт жасасып, университет қажетіне арналған 500 орындық жатақхана құрылысын жүзеге асырады. Құрылыс инвестордың жеке қаражаты есебінен жүргізіледі, ал жер телімі Тапсырыс беруші тарапынан ұсынылады.

Аталған жоба студенттерге қолайлы тұрмыстық жағдай жасауға, университеттің тартымдылығын арттыруға және өңірдегі білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Біз ашық диалог пен өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз және жобаны бірлесе жүзеге асыру бойынша кез келген ұсынысты қарастыруға мүдделіміз.

Сіз Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-ның Заң бөліміне келесі байланыс деректері бойынша хабарласа аласыз:
•    Мекенжайы: Ақтөбе қ., Жұбановтар көшесі, 263, 2-кабинет
•    Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін
•    Телефон: ‪+7 705 441 22 95‬
•    Электрондық пошта: syeskibayeva@zhubanov.edu.kz