Home page > Ads > «ЖОО үздік оқытушысы-2025» атағына конкурс жарияланады
4
«ЖОО үздік оқытушысы-2025» атағына конкурс жарияланады

Құрметті әріптестер!

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2025» конкурсын (бұдан әрі конкурс) өткізетінін хабарлайды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы №124 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы туралы қағида» (бұдан әрі-Қағида) қосымша беріліп отыр.

2025 жылдың 3-14 қараша аралығында өтетін конкурстың І кезеңіне қатысу үшін университеттің штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest2025.iac.kz) келесі құжаттарды тапсырады:

1) Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер(2025, 2024, 2023, 2022, 2021 жж));

3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар кестесі (2025-2026 оқу жылы);

4) Кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

5) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

 Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі 17-19 қараша аралығында өткізіледі.

 Байқаудың II кезеңі  (республикалық) 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап, 2025 жылғы 12 желтоқсанға дейін жалғасады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесін қолдану бойынша нұсқаулық universitycontest2025.iac.kz сайтында жарияланатын болады.