Home page > Ads > Әскери даярлау бағдарламалары бойынша оқуға түсуге студенттердi қабылдау
4
Әскери даярлау бағдарламалары бойынша оқуға түсуге студенттердi қабылдау

Запастағы офицерлер мен сержанттарды әскери даярлау бағдарламалары бойынша оқуға түсуге студенттердi қабылдау «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетi» КЕАҚ жанындағы әскери кафедрада жүзеге асырылады.

Өтеусіз және өтеулі негізде әскери даярлыққа университет басшысы ҚР Қорғаныс министрлігімен келісім бойынша қабылдау жоспары бойынша орын беру кезінде М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің және Ақтөбе қаласының әскери кафедрасы жоқ басқа ЖОО студенттері жіберілуі мүмкін

Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы не куәландырылған бір реттік паролі www.egov.kz үлгі бойынша оқуға түсу (қабылдау) жылының 1 ақпанынан бастап өтініш береді.

Әскери даярлық мерзімі:

1) запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламасы бойынша - кемінде 2 жыл 5 ай;

2) запастағы сержанттарды әскери даярлау бағдарламасы бойынша - кемінде 1 жыл 5 ай.

Оқу үшін конкурсқа қатысуға ЖОО-ның күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттері - конкурс өткізілетін жылға 24 жастан аспаған, соттылығы жоқ ҚР азаматтары жіберіледі.

Өтінішті қабылдау түскен (қабылданған) жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады.

Запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламалары бойынша оқу үшін студенттер өтініштерді бакалавриаттың білім беру бағдарламасының мерзіміне байланысты әртүрлі оқу курстарында мынадай тәртіппен береді:

  1. бірінші курста – 3 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар, оның ішінде қысқартылған оқу мерзімін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар;
  2. бірінші және екінші курстарда – 4 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар;
  3. бірінші, екінші және үшінші курстарда – 5 жылдық және 6 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар.

Запастағы сержанттарды әскери даярлау бағдарламалары бойынша оқу үшін студенттер өтініштерді бакалавриаттың білім беру бағдарламасының мерзіміне байланысты әртүрлі оқу курстарында мынадай тәртіппен береді:

  1. бірінші курста – 2 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар (қысқартылған оқу мерзімін көздейтін білім беру бағдарламалары);
  2. бірінші және екінші курстарда – 3 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар;
  3. бірінші, екінші және үшінші курстарда – 4 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар;
  4. бірінші, екінші, үшінші және төртінші курстарда – 5 жылдық және 6 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар.

Мерзімді қызмет өткерген студенттер медициналық куәландырудан өткеннен кейін өтеусіз негізде (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша) конкурстан тыс әскери даярлауға жіберіледі.

Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу үшін конкурс төрт кезеңде жүзеге асырылады:

  • бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) медициналық куәландырудан өту;
  • екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;
  • үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;
  • төртінші кезең – ЖЖОКБҰ басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу, бұл ретте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымын бітірген студенттер үшін үлгерімнің орташа балы дипломға қосымша негізінде айқындалады.

Конкурстың әрбір кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі.

Мерзімді қызмет өткерген студенттер конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінен өтеді және әскери билет негізінде қабылданады..

Әскери даярлық "әскери күн" әдісімен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Нақты ЖЖОКБҰ-да оқыту ерекшелігін ескеріп, ЖЖОКБҰ-ның қалауы бойынша әскери даярлықты ұйымдастырудың басқа да нысанына жол беріледі, бұл ретте әскери күн аптасына бір реттен сиретпей ұйымдастырылады.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған және қорытынды емтихандарды тапсырған студенттер ЖЖОКБҰ-ны бітірген соң "запастағы лейтенант", "запастағы медицина қызметінің лейтенанты" әскери атағын беруге ұсынылады.

Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған және қорытынды емтихандарды тапсырған студенттер "запастағы сержант", "запастағы медицина қызметінің сержанты" әскери атағын беруге ұсынылады.

Студенттердің конкурсқа қатысуға өтініштері «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қабылданады www.egov.kz

 

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген жағдайда:

1) белгіленген үлгіге сәйкес қабылдау туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) көлемі 3х4 сантиметр фотосурет - 4 дана;

4) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

5) факультет пен мамандықты көрсете отырып, ӘҚҚҰ-да нақты оқығаны туралы анықтама.

2. Портал арқылы жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, электрондық фотосуретті, жеке тұлғаның соттылығының болуы не болмауы туралы анықтаманы, факультеті мен мамандығын көрсете отырып, ОВПО-да нақты оқығаны туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.