Жазғы семестрге қатысуға өтініштер қабылданады
Жазғы семестрге қатысуға өтініштер 2026 жылы 5-29 мамыр аралығында SMART ARU мобильдік қосымшасы арқылы қабылданады.
Жазғы семестр ақылы негізде ұйымдастырылады және білім алушыларға жазғы семестр пәндерінің кредиттеріне 100% ақысы төленгеннен кейін рұқсат беріледі.
SMART ARU мобильді қосымшасы арқылы жазғы семестрге қатысуға өтініш беру:
- «SMART ARU» мобильді қосымшасы;
- жүйеге тіркеліп, бірінші рет кірген кезде мәзірге өтіп, «СТУДЕНТ» рөлін орнату керек;
- «СҚКО» батырмасына кіру;
- «Жазғы семестрге қатысуға өтініш» таңдау;
- көрсетілген ұяшықтарды толтыру (кредиттер саны көрсетілген пәндердің атаулары), кредитке төленген түбіртекті тіркеу және «ЖІБЕРУ»;
- өтінішті негізгі мәзірдегі «МЕНІҢ ӨТІНІШТЕРІМ» батырмасынан бақылау;
- өтінішті қабылдамаған жағдайда себебін білу үшін ПІКІРДІ (комментарий) ашып қарау;
- қажет болған жағдайда өтінішті қайта беру.
Сұрақтар бойынша 87132562896, 87084716548 нөмірлеріне хабарласа аласыз.