Home page > Ads > Бос лауазымдарға конкурс
4
Бос лауазымдарға конкурс

 «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  төмендегі кафедралардың профессорлық-оқыушылық құрамына конкурс  жариялайды:

Лауазым атауы

Бірлік саны

1

Теориялық және қолданбалы  тіл білімі кафедрасының доценті

2

2

Теориялық және қолданбалы  тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы

1

3

Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы

1

4

Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының доценті

1

5

Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы

1

6

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы

4

7

Ағылшын және неміс тілдер кафедрасының аға оқытушысы

2

8

Әлем тілдері кафедрасының оқытушысы

4

9

Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасының аға оқытушысы

2

10

Экономика және менеджмент кафедрасының профессоры

1

11

Экономика және менеджмент кафедрасының доценті

1

12

Құқықтану кафедрасының доценті

1

13

Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы

1

14

Тарих кафедрасының доценті

1

15

Тарих кафедрасының оқытушысы

1

16

География және  туризм кафедрасының аға оқытушысы

2

17

Қазақстан Халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы

3

18

Қазақстан Халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушысы

5

19

Көлік техникасы, тасымалды ұйымдастыру және құрылыс кафедрасының аға оқытушысы

1

20

Көлік техникасы, тасымалды ұйымдастыру және құрылыс кафедрасының оқытушысы

1

21

Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының профессоры

2

22

Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент)

1

23

Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының аға оқытушысы

3

24

Мұнай-газ ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент)

1

25

Мұнай-газ ісі кафедрасының аға оқытушысы

5

26

Мұнай-газ ісі кафедрасының оқытушысы

1

27

Музыка және хореография кафедрасының доценті

1

28

Музыка және хореография кафедрасының аға оқытушысы

1

29

Музыка және хореография кафедрасының оқытушысы 

2

30

Көркем еңбек және дизайн кафедрасының оқытушысы

2

31

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті

1

32

Химия және химиялық технология кафедрасының аға оқытушы

1

33

Химия және химиялық технология кафедрасының оқытушысы

5

34

Экология кафедрасының аға оқытушысы

1

35

Биология кафедрасының доценті

1

36

Биология кафедрасының аға оқытушысы

5

37

Биология кафедрасының оқытушысы

1

38

Математика кафедрасының профессоры

1

39

Математика кафедрасының аға оқытушысы

1

40

Физика кафедрасының аға оқытушысы

4

41

Физика кафедрасының оқытушысы

2

42

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы

6

43

Психология және арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушысы

4

44

Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының аға оқытушысы

1

45

Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының оқытушысы

3

46

Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту кафедрасының аға оқытушысы

2

47

Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту кафедрасының  оқытушысы

1

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында  білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты  ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  1. Жиырма  жастан кіші;
  2. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық-бұзушылық жасаған;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  4. Медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға қағаз және электрондық тасығышта мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;
  2. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
  3. өмірбаян;
  4. конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  5. жоғары білім туралы дипломдардың, академиялық/ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  6. қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және соңғы 3 жылдағы салыстыру үшін түпнұсқалары;
  7. жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметі не жұмыс істеп тұрған жұмыс беруші растаған еңбек қызметін растайтын құжатдың көшірмесі;
  8. соңғы 5 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі;
  9. соңғы жұмыс орнынан мінездеме (бар болса);
  10. құжаттарды ұсынған күнге дейін кемңнде алты ай бұрын берілген №075-У нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
  11. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін қылмыстық құқық бұзушылық жасау туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  12. адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама;
  13. психоневрологиялық ұйымнан құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген анықтама;
  14. наркологиялық ұйымнан құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген анықтама.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде университет сайтында бекітілген «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми-қызметкерлердің лауазымдарына конкурстық орналасу ережесіне сәйкес құжаттарды ұсынады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары және т.б.) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қабылданады.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ мекен-жайына: 030000, Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көшесі, 265, HR және құжаттаманы басқару департаментіне (1 кабинет) өткізу қажет. Тел: 8 705 495 24 45