Home page > Ads > Республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды
4
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды

Қазақстан Республикасы Президентінің кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды. 

«Кітап оқитын ұлт» жобасы – Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және аналитикалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар үшін білімнің маңызды көзі ретінде дәріптеуге бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама.

Осы жоба аясында ұйымдастырылатын республикалық кітап оқу марафонының арнайы цифрлық платформасы (https://reading-nation.kz/)  іске қосылғанын хабарлаймыз.

Тізімдегі электронды кітаптарға қолжетімділік https://kazneb.kz/  (Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы), https://kitap.kz/ цифрлық платформалары арқылы тегін оқи алады.