Академиялық ұтқырлық: 2026-2027 оқу жылының ІІ жартыжылдығына құжат қабылдау басталды
Құрметті білім алушылар!
Түркия, Польша, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Малайзия, Литва, Латвия, Италия, Грузия, Корея, Қытай, Беларусь елдерінде бір семестр тегін оқу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
Құжаттарды тиісті факультет координаторына 5 қазанға дейін тапсыру керек.
Маңызды: INTI Халықаралық Университетіне (Малайзия) тапсыратын талапкерлердің құжаттары 28 қыркүйекке дейін қабылданады.
Іріктеу кезеңінде үміткерлер тең түскен жағдайда әлеуметтік топқа жататын студенттерге басымдық беріледі.
Қажетті құжаттар тізімі және қосымша сұрақтар бойынша: international@zhubanov.edu.kz