Түрік тілі курсына тіркелу
Түрік тілі курсы университеттің академиялық қызметкерлері мен студенттерінің тілдік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ түрік-қазақ қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған.
Түркия жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында бір семестр білім алуды жоспарлаған білім алушылар үшін түрік тілі курсына қатысып, сертификат алу үлкен мүмкіндік береді.
Курсқа тіркелу 14 қыркүйек күні басталады.
Мекенжай: Ә.Молдағұлова даңғылы, 34А, Технопарк ғимараты, 3-қабат, 22-кабинет.
Курсқа қатысу және қосымша ақпарат алу үшін:
international@zhubanov.edu.kz
Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті