Бүгін Жұбанов университетінде «Физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында XVI Республикалық пәндік олимпиада ашылуы өтті. Олимпиада ашылуында университет басшылығы еліміздің әр өңірінен келген білімді жастарға сәттілік тіледі. Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова бұл іс-шара жоғары оқу орындары арасындағы өзара тәжірибе алмасу екенін атап өтті. «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Куанышбек Шункеев олимпиаданың университет базасында өткізілуі кездейсоқ еместігін айтты. «Бұл университеттің …