Бүгін Жұбанов университетінде жылы атмосфераға толы ерекше кездесу өтті. Қара шаңыраққа «Түлектер қауымдастығы» аясында 2000 жылдарда Жастар ісіндегі комитет белсенділері болған 40-қа жуық оқу орнының түлектері бас қосты. Түлектер бастамасымен ұйымдастырылған кездесудің негізі мақсаты – түлектер сабақтастығын орнату, университетпен байланысты нығайту. Алдымен оқу орнының ғимараттарын аралаған түлектер университеттегі заманауи өзгерістерге оң бағаларын берді. Университет ректоры Лаура Қарабасова оқу орнында сол кездегі оқытушылар, құндылықтар, миссия сақтала отырып, қазіргі таңда Жұбанов …