Home page > International connections > Zhubanov university және Sultan Idris Education university: серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері талқыланды
4
Zhubanov university және Sultan Idris Education university: серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері талқыланды

Бүгін Малайзияның Пендидикан Сұлтан Идрис университетінің бір топ профессорлары Жұбанов университетіне келіп, университет басшылығымен кездесіп, болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Делегация құрамында «Өнер, тұрақты даму және шығармашылық индустрия» факультетінің профессоры Мохд Фаузи бен Седдон, «Музыка және орындаушылық өнер» факультетінің профессоры Мохд Хасан бин Абдулла, сондай-ақ «Есептеу техникасы және метатехнология» факультетінің профессорлары Че Залина Зулкуфли мен Салим Абдулла болды.

Кездесу барысында Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова шетелдік ғалымдарды жылы қарсы алып, университеттің тарихы мен ғылыми қызмет бағыттары, білім беру бағдарламалары туралы таныстырды. Ректор өз сөзінде Жұбанов университетінің көп салалы және жетекші оқу орны екенін атап өтіп, оқу орнының бірлескен жобалар мен зерттеулер жасауға мүмкіндігі жоғары екенін айтты. Сонымен қатар университет басшысы университетпен серіктес Heriot-Watt университетінің Малайзиядағы кампусында Ақтөбе кампусының студенттері білім алып жатқанына тоқталды.

Малайзия университетінің өкілдері Жұбанов университетімен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты. Олар бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобаларды жүзеге асыру, студенттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламаларын ұйымдастыру және ғылыми тағылымдамалар өткізу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Жұбанов университетінің халықаралық жобалары мен бағдарламалары жайлы ақпарат алып, студенттер үшін жаңа білім беру мүмкіндіктерін қарастыруға ниет білдірді.

«Біз әлемнің түрлі елдерінде халықаралық орталықтар ашып, білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастырудамыз. Енді бұл жобаларды Қазақстанда да жүзеге асырғымыз келеді. Серіктес университеттер қатарынан сіздің оқу орныңызды көретінімізге сенім мол», – деді Че Залина Зулкуфли.

Кездесу соңында тараптар білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдіріп, екі университет арасындағы байланыстарды нығайту мақсатындағы бірқатар мәселелер жөнінде талқылады.