Home page > News > Жұбанов университетінде ғылым айы аясында мерекелік концерт өтті
4
Жұбанов университетінде ғылым айы аясында мерекелік концерт өтті

Жұбанов университетінде Ғылым айы аясында мерекелік концерт өтті. Салтанатты шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар, студенттер мен шетелдік қонақтар қатысты. 

Концерт  Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының камералық оркестрі көркемдік жетекшісі және дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қауымдастырылған профессор Али Ермекбаев пен «Ақжелең» ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі, PhD, қауымдастырылған профессор Абдрашид Райымбергеновтің орындауындағы керемет туынды «Ер-Тұран» шығармасынан үзіндімен ашылды.

Шара барысында Қазақстанның мәдениет қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары және студенттер өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. ҚР мәдениет қайраткері Перуза Нарман, халықаралық байқаулардың лауреаты Ғазиза Әбдірова, Берекет Балмұқан, Айбар Самбай, ҚР мәдениет саласының үздігі Манзура Сапарова, Жұлдыз Нұрқасымова және басқа да талантты тұлғалар өз өнерін көрсетіп, концерттің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.

Сондай-ақ студенттік аралас хор ұжымы жетекшісі, ҚР мәдениет саласының үздігі Мербол Куспанов, концертмейстер Жұлдыз Ибраева және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Айтимовтың орындауындағы шығармалар көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Концертте «Самғау» би ансамблі де өнер көрсетіп, үлкен ізденіс пен өнерді дәріптейтін туындыларды ұсынды.