
Талапкерлер Heriot-Watt university-ге оқуға түсу үшін AET емтиханын тапсырды
Бүгін Жұбанов университетінің базасында Heriot-Watt University британдық жоғары оқу орнының Ақтөбе кампусына оқуға түсуге ниетті талапкерлер үшін ағылшын тілі бойынша AET емтиханы өтті.
Талапкерлердің географиясы кеңейіп келеді. Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының тұрғындарынан бөлек, бұл жолы емтихан тапсыруға Көкшетаудан да талапкерлер келді.
Сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Smart Bilim, Білім-Инновация және қаланың басқа да алдыңғы қатарлы мектептерінің оқушылары қатысты.
Еске сала кетейік, Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусында үш мамандық бойынша қабылдау жүргізіледі:
"Мұнай инженериясы және энергоменеджмент"
"Электр энергетикасы"
"Компьютерлік инженерия"
Тегін тіл емтиханы IELTS сертификаты жоқ немесе оның жарамдылық мерзімі өткен талапкерлерге арналған.
Сонымен қатар британдық университеттің Ақтөбе кампусына оқуға түсу үшін ҰБТ сертификаты қажет.
Ағылшын тілі бойынша емтихан әр айдың соңғы сенбісінде Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263 мекенжайы бойынша өтеді.
Толық ақпаратты келесі байланыс нөмірлері арқылы алуға болады:
8 747 518 35 83 (WhatsApp)
8 778 550 91 95 (Call centre)
8 776 786 12 85 (Call centre)