Home page > News > Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Жұбанов RUN» марафоны өтті
4
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Жұбанов RUN» марафоны өтті

Жұбанов университетінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған "Жұбанов RUN" бұқаралық жүгіру марафоны өтті. 

Ашылу рәсімінде ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров сөз сөйлеп, бұл бастаманың жастарды рухани тұрғыда тәрбиелеудегі және қоғамдық белсенділікті арттырудағы маңызын атап өтті.

Жүгіруге барлығы 685 адам қатысты. Қатысушылар арасында тек Ақтөбе тұрғындары ғана емес, сонымен қатар Алматы, Қостанай және Атырау қалаларынан арнайы келген қонақтар да бұл бастаманы қолдады. Жүгіруге әртүрлі сала өкілдері – мұғалімдер, кәсіпкерлер, спортшылар, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер мен қала тұрғындары белсене қатысты.

Қатысушылар 2,5 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті. Жарыс жынысы мен жас ерекшелігіне қарай бірнеше санатқа бөлініп ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Атап айтсақ, 18-25 ерлер арасында 1 орынды №556-М.Н.Муханов, 2 орынды № 100- Ә. М. Дәрменов, 3 орынды №583 - А.Т.Бейсенов, ал 18-25 қыздар арасында 1 орын №318- Ж. А. Асылбек, 2 орын № 665-А. А. Салимгореева, 3 орын № 065- Ш. А. Қабышева иеленді. 26-35 ерлер арасында 1орынды №410- Н. Н.Тұраров, 2 орынды №423-А. З. Ысмаил, 3 орынды №428- Т. Сатыбалды қанжығасына байласа, 26-35 қыздар арасында 1 орынды № 215, 2 орынды №207-Ж. Тенизбаева, орынды №422-Р. Т. Сагадатова жеңіп алды. 
36-45 ерлер арасында 1 орын № 804- О. Ж. Абдуллин, 2 орын № 814-А. Бактыгалиев, 3 орын № 889- Г. О. Прокопикке, 36-45 әйелдер арасында 1 орын № 902-А. К. Тулеуф, 2 орын
№ 901-Д. Лекерова, 3 орын № 903-А. К. Альмухамедоваға бұйырды. 
46+ ерлер арасында 1 орын иегері №101-Ғ. Жукетаев, 2 орын иегері №111- А. Б. Габдуллин, 3 орын иегері №113, 46+ әйелдер арасында 1 орын иегері №703-У. У. Кемаладинова, 2 орын иегері № 702-З. Б. Сұлтанмұратова, 3 орын иегері № 709- А. К. Тауманова атанды. 

Сонымен қатар шара аясында қатысушылар арасында лотерея ойнатылып, жеңімпаздарға сертификаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Жарыс алдында Sunshine фитнес клубының кәсіби жаттықтырушылары сергіту жаттығуын жүргізіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.