
Жасыл болашақ – бүгіннен басталады!
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бастамасымен 9–13 маусым аралығында «Жасыл болашақ: Экологиялық мәдениетті бірге қалыптастырамыз» атты оқушыларға арналған эколагерь ұйымдастырылды.
⠀
6 мектептен 35 оқушы қатысты
18 жас экобелсенді арнайы сертификат алды
Теория + тәжірибе + шабыт = жасыл сана
⠀
Экология саласының сарапшылары мен студенттік клубтар қатысқан бұл лагерьде оқушылар:
қалдықтарды сұрыптауды үйренді
саналы тұтыну мен табиғатты қорғау дағдыларын меңгерді
жылыжайда гүл егіп, топырақпен жұмыс істеді
экобелсенділік пен көшбасшылықтың не екенін білді
⠀
Апта соңында ерекше белсенді қатысушылар марапатталды.
⠀
«Жасыл болашақ» – табиғатқа жауапты ұрпақ тәрбиелеудегі маңызды қадам. Университет пен мектеп арасындағы серіктестіктің жарқын үлгісі!